Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршілік Оқыту мақсаты



Дата14.02.2022
өлшемі98,84 Kb.
#25475
түріСабақ
Байланысты:
1 zharatylystanu-5-synyp-adam -zher -galam -zher-zhane-omir -zherdegi-tirshilik-taqyryby-boyynsha-qmzh


5.1В

Адам. Жер. Ғалам



Мектеп: Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты:


Мұғалімнің аты – жөні: Жанатова А.Ж


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жердегі тіршілік


Оқыту мақсаты:

5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттайды

5.2.4.2 Тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтайды




Сабақтың мақсаты:


Оқушылар жердегі тіршіліктің маңызын анықтап, өлі табиғат пен тірі табиғаттың ерекшеліктерін атайды. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми көзқарастарды зерттей отырып, «уақыт лентасын» жасайды, өз ойларын қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:



Білу және түсіну:

Талдау:

  • Тіршіліктің дамуын кезеңдерге жіктейді;

Сыни ойлау және зерттеу:

  • Ғылымдағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, әртүрлі ғалымдардың болжамды көзқарастарын саралап, талдайды;

Тілдік мақсаттар:  

Оқушылар ауызша немесе жазбаша Жер ғаламшарындағы тіршіліктің пайда болуын түсіндіреді


Құндылықтарды дарыту:

Көп тілді ортаны, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру, барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу.

Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту



Пәнаралық байланыстар:

Географияның бастапқы курстары, геология, биология, астрономия


АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта, презентация

Оқушылар келтірілген сілтемелер бойынша жүктелген мағлұматтармен жұмыс істей алады.



Алдыңғы білім:


Бастауыш мектепте енгізілген: Жер Күн жүйесіндегі планета және Жердің табиғи серіктері туралы білімдердің жалғасы болып табылады. Оқушыларда «ғарыш», «ғарыш денелері», «астрономия» туралы түсініктері қалыптасқан. Оқушылар кейбір ғарыш денелерінің, планетелердың Күн жүйесіндегі орнына сипаттама бере алады.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Деректер

Сабақтың басы

0-3- минут




І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сыныптың жағымды ындымақтастық ахуалын қалыптастыру.

Сабақтың мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру.



1-2слайд



4-10 минут

11-14 мин


15- 25 мин

20- 30 минут

30-35 минут

35- 40 мин



«Миға шабуыл»

(Т) (С) «Жерде тіршілік қалай пайда болды?» деген сұраққа оқушылар сурет салу / қойылым / карта-сызба / мүсіндеу арқылы көрсете алады.

- Тіршілік деген сөзді қалай түсінесіздер?



(С) Бейнебаян көреді

https://twig-bilim.kz/film/the-very-first-cell-5362/


(Т) (С) Оқушылар бейнебаян көргеннен кейін «уақыт лентасын» дайындайды.

Ең ежелгі кезеңнен бастап тірі ағзалардың пайда болуын тізіп жазады, сипаттайды.



Оқушыларды әрбір кезеңдегі тірі ағзаларды зерттеу үшін топтарға бөлу:

  • Алғашқы тірі ағзалар;

  • Құрлықтағы алғашқы өсімдіктер мен жануарлар;

  • Бауырымен
    жорғалаушылар дәуірі (динозаврлар);

  • сүтқоректілер мен құстардың пайда болуы;

  • адамның пайда болуы;

  • қазіргі кездегі тірі ағзалардың өзгерісі.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Әр кезеңдегі тіршілік иелерімен таныстырады, тіршілік ету жағдайларын сипаттайды Мұғалімнің көмегімен бүкіл сынып болып «уақыт лентасын» жасайды.
(Ж) Оқушылар тірі ағзаларға тән қасиеттерді атап, тіршілік ұғымының анықтамасын береді.
«Кім қайда тұрады? ойыны»

Жануарлардың, құстардың, балықтардың және т.б тірі ағзалардың түрлерін үлестіру, оқушылар олардың қайда тұратынын айтып, тіршілік етуіне қолайлы жағдайларды сипаттайды.



5-6 слайд

https://twig-bilim.kz/film/the-very-first-cell-5362/

Флипчарт,

ноутбук,


суреттер,

маркер,


10-14 слайды




Сабақтың соңы

35-40мин



Кері байланыс

«3-2-1»

  • Мен үшін 3- жаңалық

  • Мені ойландырған 2- мәселе

  • Маған қиындық туғызған 1 мәселе







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Кіріспе сұрақтар негізінде жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. Сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды. Қабілеті жоғары оқушылыр ғаламтордан керекті мәлметтерді алып, саралай алуы, мысал келтіре отырып түсіндіре алады.



  1. Оқушылардың сабақтың тақырыбына байланысты өз ойларын еркін айту.

(2)Мәтінмен жұмыс (фактілер мен нақты материалдар негізінде) Өз бетімен іздену дағдыларын дамыту барысындағы іс- әрекеттерін бақылау.

(3) Рас-өтірік ойыны




Жауапкершілік, ұйымшылдық, сыйластық сияқты тәрбиелік құндылықтарды топпен және жұппен жұмыс жасау барысында сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет