Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Сахиев "Айдағы жасырынбақ" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы Оқу мақсаттары



бет1/6
Дата14.09.2023
өлшемі41,38 Kb.
#107816
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6



Мұғалімнің аты-жөні:

Рахимбекова Р.

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4-тоқсан, № 14- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Қиял мен шындық

Сабақтың тақырыбы:

Жүсіп Сахиев "Айдағы жасырынбақ" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Оқу мақсаттары:

Т/Ж 1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақ мақсаты:

  • Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін талдайды;

  • Шығарманың эпилог, прологтарын анықтайды.

Бағалау критериі:

  • Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Жүсіп Сахиев "Айдағы жасырынбақ" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.
Бүгінгі сабақта:
Сенің меңгеретінің:

  • "Айдағы жасырынбақ" әңгімесіндегі әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашасыздар.




Презентация

3-5 минут

Жаңа сабақ

  • Автор шығарманың идеясы арқылы қандай ой айтқысы келді?

  • Әңгіменің негізгі идеясы қандай?

  • Не себепті автор әңгімені "Айдағы жасырынбақ" деп атаған?







5-15минут



Сабақ ортасы



1-тапсырма.Үзіндідегі сюжет желісі бойынша тақырыптарды сәйкестендір


Шығармадан үзінді

Сюжет тақырыбы

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы... Айнадай таза, кең де жарық класс бөлмесі көңілімізді сергітіп жіберді. Жазғы ұзақ каникулдан кейін бір-бірімізді кәдімгідей-ақ сағынып қалыппыз.

Мергеннің айға барған сапарын әңгімелеуі



Ай бетіне табан тіреуге жақын қалғанымызда қараңғы дүниеден денеміз түршікті.
Көп кешікпей кемеміз Ай бетімен жанасты. Біраз жылжып барып, ғарышайлағының алдына тоқтадық.

Елге оралу және әкенің ақылы



Жер қараңғылығы жай екен, Ай аспанындағы жұлдыздар да жымыңдайды. Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіо құлазытады. Тіршіліксіздіктің нағыз көрмесі де сонда екен.

Сартайдың қорқынышы және жасырынбақ



Мен көлеңкеден шықтым. Сартай мені жоғалтып тапқандай қатты қуанды. Шұңқыр ернеуіне шыға бергенімде қолымнан тартып алып, құшақтай алды.

Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабағы

- Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда, - деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, - достарыңа да түсіндіріңдер мұны ...

Айдағы тіршіліктің суреттелуі

Дескриптор:



  • Оқушылар оқулықтағы "Айдағы жасырынбақ" әңгімесін оқып танысады.

  • Сюжеттік желісіне талдау жасайды.

  • Шығармадағы үзіндіні сюжеттік тақырыппен сәйкестендіреді.

Өзіңді тексер. Ықтимал жауап

Шығармадан үзінді

Сюжет тақырыбы

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы... Айнадай таза, кең де жарық класс бөлмесі көңілімізді сергітіп жіберді. Жазғы ұзақ каникулдан кейін бір-бірімізді кәдімгідей-ақ сағынып қалыппыз.

Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ

Ай бетіне табан тіреуге жақын қалғанымызда қараңғы дүниеден денеміз түршікті.
Көп кешікпей кемеміз Ай бетімен жанасты. Біраз жылжып барып, ғарышайлағының алдына тоқтадық.

Мергеннің айға барған сапарын әңгімелеуі



Жер қараңғылығы жай екен, Ай аспанындағы жұлдыздар да жымыңдайды. Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіл құлазытады. Тіршіліксіздіктің нағыз көрмесі де сонда екен.

Айдағы тіршіліктің суреттелуі

Мен көлеңкеден шықтым. Сартай мені жоғалтып тапқандай қатты қуанды. Шұңқыр ернеуіне шыға бергенімде қолымнан тартып алып, құшақтай алды.

Сартайдың қорқынышы және жасырынбақ



Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда, - деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, - достарыңа да түсіндіріңдер мұны ...

Елге оралу және әкенің ақылы















Пролог пен эпилогтың анықтамасын есімізге түсірейік.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет