Мектеп:
|
51 мектеп-гимназиясы
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Дәулет Мадина Әбубәкірқызы
|
Пән/Сынып:
|
Қазақ тілі 7-сынып
|
Бөлім атауы:
|
Көшпенділер мәдениеті
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Киіз үй
|
Оқу мақсаттары:
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу 7.Т/А6
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану 7ӘТН2
|
Сабақ мақсаты:
|
Киіз үй тақырыбына байланысты диалогке жағдаятқа сай бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер мен сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
|
Тілдік мақсаты:
|
Киіз үй тақырыбына байланысты жаңа ұғымдар;
|
Бағалау критерийлері:
|
Тапсырма орындау барысында бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады;
Киіз үй тақырыбына байланысты диалогты еркін және дұрыс құрастырады;
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс,логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады
|
Құндылықтарға баулу:
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
|
Көш. Көшпенділер кімдер
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдас-тыру
|
Тақырып және сабақ мақсаттарымен таныстыру
|
Бүгінгі сабақта не меңгеретінін білу.
|
Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.
|
|
Презентация 1,2-бет
|
7минут
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа тақырыпқа байланысты бейнебаянды мұқият көріп, тыңдау
1.2 Тақырып аясындағы ұғымдар және терминдермен жұмыс (Сөздікпен жұмыс)
Киіз үй - көшпенділердің көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын болады. Ол- тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс.
Тоғын- шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Шаңырақ- үйдің бас бөлігі.
Кепілдік (кепіл ағаш) -күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
Уық-шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Кереге- жиналған кереге (үй қабырғасы).
|
Жаңа сабақпен таныстыру, сабақта қолданылатын ұғымдармен танысу
|
Сабақты мұқият тыңдауын қадағалау
|
Қ/Б
Ауызша кері байланыс
|
https://www.youtube.com/watch?v=Dkm6Z4k2kCI Оқулық, сөздік
|
7 минут
|
Тәжірибе
|
1-тапсырма: Тыңдалым дағдысына байланысты тест.
Киіз үй негізі неше бөліктен құралады?
А) 2 Б) 3 С) 4
Киіз үйдің есігі неден жасалады?
А) ағаштан
Б) киізден
С) ағаш және киізден
Дайын керегені не деп атайды?
А) кепілдік
Б) шаңырақ
С) қанат
|
Тыңдалым деңгейін тексеру және жетілдіру
|
Оқушылардың жұмыс жасау дағдыларын бақылау
|
Қ/Б.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды
|
|
4 минут
|
|
Бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерге қысқаша түсініктеме беріледі.
2-тапсырма: Киіз үй тақырыбына байланысты сұхбат (диалог) құрастыру. Жазба жұмыста бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолдану.
Дескриптор:
Сұхбатты тақырыптан ауытқымай жазады
Жазба жұмыста бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады.
Тапсырманы грамматикалық норма бойынша сауатты жазады
|
Жазылым дағдысын жетілдіру.
|
Оқушылардың жұмыс жасау дағдыларын бақылау
|
Дескриптор бойынша бағалау
|
Презентация 5-бет
|
1 минут
|
Бекіту
|
- Киіз үй тақырыбына байланысты жаңа ұғымдармен таныстыңыз
- Тапсырма орындау барысында бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолдана алдыңыз
- Киіз үй тақырыбына байланысты сұхбат (диалог) құрастырдыңыз
|
Сабақты қорытындылау
|
Білімді қаншалықты меңгергенін бақылау
|
|
Презентация 13-бет
|