Ортасы
(10 мин)
|
Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (ағылш. Programme for International Student Assessment, фр. Programme international pour le suivi des acquis des élèves, қысқаша PISA) — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы.[1] PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.
PISA жобасы тексерудің үш бағытының (матемтаика, ғылым, оқу) біріне айырықша мән беріп, үш жылдық кезеңмен жүргізіледі. 2012 жылы негізгі бағыт «математикалық сауаттылық» болды.
PISA зерттеуі 15 жастағы оқушылардың мектепте алған академиялық білімі мен тұрмыс, үйрену дағдысын тексеріп, өз білімі мен қабілетін түрлі өмірлік жағдайлар мен әлеуметік ауқымда тиімді қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.
PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік.[2] PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану.[3]
Зерттеудің үш бағыты бойынша оқушылар сауаттылығын бағалау технологиясы - PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция (құбылыстың бір бөлігін байқаудан алғна қорытындыларды оның екінші бөлігінде қолдануға саятын ғылыми зерттеу әдіснамасы) жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын, мәселелер туралы дербес ой жүгіртіп, өзіндің таңдау жасай алуын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономикалық тұрмыста академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.
Функционалды сауаттылықты бағалау технологиясы әлемдегі 60-тан астам елдің 15 жастағы оқушыларын алты деңгейде анықтайды. Ең жоғарғы көрсеткіш 5- және 6- деңгей. Ол бойынша оқушы өз бетінше ойлау, талдау және өз болжамын ұсыну қабілеті. Сосын, 4- және 3- деңгей: жаңа ақпарат алу үшін бар білімі мен қабілетін қолдану мүмкіндігі. Сосын, 2- деңгей: қарапайым оқудан тыс жағдайда бар білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндігі. Сосын 1- деңгей: таяз білімнің төмендігі деңгейі мен тапсырмаларды табысты орындаудың аздығы.
PISA-2012 халықаралық зерттеуінің мәліметтері 15 жастағы қатысушының функционалдық дайындық деңгейін салыстыруға мүмкіндік беріп қоймай, нақты факторлардың оқыту тиімділігіне тигізетін әсерін анықтауға да мүмкіндік береді. Зерттеу тест тапсырмаларын орындау табыстылығы қосымша фондық ақпаратпен бірге жүреді. Тек оқушыларға ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымының әкімшілігіне де сауалнама жүргізу PISA жобасына қатысушылардың жетістіктеріндегі өзгешелікті түсіндіруге мүмкіндік береді. PISA-2012 халықаралық жобасын іргелі халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып Консорциум және ЭЫДҰ жүзеге асырады. Консорциумға сонымен қатар педагогикалық зерттеудің Австриялық Кеңесі (ACER), білім беру саласындағы зерттеулердің Жапония ұлттық институты (NIER) және Американдық ұйым (WESTAT) кіреді. 2009 жылы 65 мемлекет пен районның 15 жастағы 470 мың оқушы бағалауға қатысты және 2010 жылы 50 мың оқушы бағалауға қатысты. [7]
Ал, KeyQuest статистикалық базасы халықаралық мәліметтер бойынша 2012 жылдары ЭЫДҰ-ға мүше 34 елде және 31 серіктес елде 15 жастағы білімгер саны жалпы 28 миллион екенін анықтаған. Осылар ішінен PISA-2012 халықаралық бағалауына 15 жастағы 510 мың оқушы қатысты.
Қазақстан оқушыларының PISA нәтижелері өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен, ал 2012 жылға және 2015 жылға қарағанда 2018 жылы қатты құлдырап кеткені байқалады. Бұл Қазақстан оқыту саласындағы сапасыздық, жүйесіздік, біліксіздік және жемқорлық дерттерімен қатысты, екі тілмен, тіпті үш тілмен жас балалар миын шатастырудың табиғи жемісі. Сондай-ақ ағылшын тілініңдегі ең жаңа білімдердің ҚР балаларына қолжетімді болмағаны да өз әсерін көрсеткен. Білім саласын басқарушылардың бытпырақ реформалар жасап, негізгі мәселелерді көлегейлеуі мен айналып өтуі де нәтиженің төмендегіне өз үлесін қосқан. Сосын кейінгі жылдары Қазақстан қоғамындағы діни әсірешілдіке бой ұру да ғылым саласы мен әдебиет және математика саласын игеруге кедергі келтіргені анық. Жалпы 15 жастық Қазақстан балаларының ылғи қайталанған бұл төмен көрсеткіші еліміз дамуына өте кереғары рөл ойнайтыны анық. Бұдан шығу үшін дамыған елдердің тәжірибесін қолданумен қатар, балалардың жаппай ғылымға, әдебиетке және мәдениетке бой ұруына қозғау салатын жаңа тәсілдер ойластыру, әсіресе жаңа технологияның ғылым мен әдебиет үйрететін тетіктерін қарастыру да өте маңызды.
2012 жылы бағалауға қатыстыру үшін халықаралық сарапшылар 5948 Қазақстандық оқушыны іріктеп алған болатын. Олардың ішінен 218 білім беру ұйымдарынан (әр мектептен 35 оқушыдан) 5808 білімгер нақты қатысты. Тест барысында мектептен кетіп қалуға байланысты, денсаулыққа байланысты, басқа да себептерге байланысты 140 бала қатыспады. Зерттеуге қатысқандардың ең көп үлесі ОҚО және Алматы облыстарында болды (44 және 27 білім беру ұйымы).
|
|