Тотығу- тотықсыздану процестері



бет1/7
Дата20.12.2023
өлшемі303,7 Kb.
#141329
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Поурочный план,химия ,


ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ»
УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту)/
План учебного занятия (теоретического или производственного обучения
сабақ тақырыбы/тема занятия Тотығу- тотықсыздану процестері.
Модуль/пән атауы/Наименование модуля/дисциплины _Химия_____
Педагог дайындады /Подготовил педагог _Шингельбаева Р.Ш.
2023 жылғы «_19.09_» ,«_19.09_» 2023года
1. Жалпы мәліметтер/Общие сведения
Курс, топ/Курс, группы 1Б-4
Сабақ түрі/Тип занятия Аралас
2. Мақсаты, міндеттер/Цели, задачи:
Білімділік 10.2.3.1 электрондық-иондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құру қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау;
- осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыру;
- берілген реакция теңдеулерінде қай эдемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтау, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алу;
- электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру;
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту мақсатында өз бетінше жұмыс істей алатын қабілетті, шығармашылық ой-өрісін дамытатын дағды қалыптастыру. Танымдық тапсырмалар білім алушылардың инновациялық ой-өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ізденушілік қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелік: Өлкетанушылық материалдарды қолдана отырып химия ғылымына байланысты мамандықтармен таныстырып, кәсіптік бағыт-бағдар беру. Мәліметтерге сүйене отырып білім патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына деген құрмет сезімін тудыру. Экономикалық, экологиялық тәрбие беру.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі/Перечень ожидаемых результатов и (или) профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия:
- қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алады;
- осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыруға болатындығын түсінеді;
-берілген реакция теңдеулерінде қай элемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтай алады , тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алады
-электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіреді;


 Бағалау критерийлері :
1) Заттардың формулалары бойынша элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды;
2) ) Электрондық баланс әдісін пайдалана отырып, тотығу және қалпына келтіру, теңдеулерін құрайды;









4. Қажетті ресурстар/Необходимые ресурсы
1.Интерактивті тақта
2. Оқулық
3. Көрсетілім видео
5. Сабақтың барысы/Ход занятия
5.I.Ұйымдастыру кезеңі/Организационная часть:
Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу. Білім алушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Білім алушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру
Бір бірімізге күлімсірейік. Бүгінгі сабақ бәрімізге қарым-қатынас қуанышын әкелсін.
Білім алушылармен бірге: мен саған жақсылық тілеймін! Мен өзіме жақсылық тілеймін! Біз бір-бірімізге жақсылық тілейміз! Егер саған қиын болса, Мен саған көмекке келем!
5.II. Өткен материалды қайталау және тексеру/Опрос и проверка пройденного материала:

  1. 5.III. Жаңа тақырыпты зерделеу /Изучение нового материала Бүгінгі сабақта төмендегідей сұрақтарды қарастырамыз реакциялары мен тотығу дәрежесі ұғымдарын түсіндіреді. Топқа бөлу «Алтын қалам» әдісі арқылы 3 топқа бөлу:

1-топ.Тотықтырғыштар
2-топ. Тотықсыздандырғыштар
3-топ.Тотығу дәрежелері
Білім алушы анықтаманы көшіреді.
Оқытушы тотығу-тотықсыздану құбылысын электронды беру және алу тұрғысынан және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты жан-жақты түсіндіреді. Мысал көрсетеді.
Білім алушыларға тотығу дәрежесі туралы негізгі қағидаларды түсіндіреді. Сондай ақ, тотығу дәрежесін анықтау жолдарын түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет