Сабақтың тақырыбы: Көңілді барабан



Дата28.09.2022
өлшемі17,73 Kb.
#40579
түріСабақ


Жасы: 3-7жас
Айы: мамыр
Аптасы: 1-2
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Көңілді барабан
Сабақтың мақсаты: Әуенге ілесе жеңіл би қимылдарына тербелу, бір орында айналуға үйрету,музыка туралы түсінік беру.Әуенді тыңдауға,есту,есіне сақтау қабілетін,ырғақты ажыратуға баулуды жалғастыру,барабанда ойнауға үйрету.
Міндеті:
Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын әрекетін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, қимыл-қозғалыс координациясын ретке келтіру. Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ортада өзін дұрыс ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, сөдерді анық таза айтуға үйрету. Табиғатты аялап, өсімдіктерді қорғау
Көрнекілігі:бірнеше барабан аспаптары
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: өнер, шығармашылық
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Баламен сәлемдесу
-Баланың сабаққа деген жағымды эмоциясын қалыптастыру
-Оқу құралдарын түгендеу
-Алдыңғы сабақты қайталау
2.Сабақтың мазмұны
Көңілді әуен ырғағымен балалар залға кіреді.Музыка жетекшісі балаларды ойыншық мысықпен қарсы алады:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Бүгін бізге ала мысық қонаққа келді:
«Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Бетін-қолын жуады,-деп,ойыншықты қозғалтып,қимылын көрсетеді.Қайталап айтып,балаларға мысық қимылын көрсетулерін сұрайды.
«Ала мысық айлалы,
Дыбыстайды ол қалай?»-деп сұрайды.
-Балалар,мысық мияулап шақырып тұр.Мұнда не бар екен?-деп қараған болып,барабанды «тауып алады»
-Балалар,мысық бізге сыйлық әкеліпті.Музыка жетекшісі балаларға кілемге жайғасып отыруды ұсынады.
Барабан аспабын көрсетеді,барабанның дауысын шығара ойнап береді.Балаларды шақырып,барабан аспабын ұстап көруге,ойнап көруге мүмкіндік береді.
-Ала мысықты қуантып ән айтып берейік,ал мысығымыз отырып тыңдасын,-деп орындыққа ойыншықты қояды.Балаларға таныс би қимылдарын ұсынады.
3.Сергіту сәті
Саусақ жаттығуы: Жаңбыр себелейді
Артикуляцилық жаттығу «Сағат»
Сабақты бекіту
-Бүгін қандай ойын ойнадық?
-Сабақ ұнадыма?
-Барабанды қалай соғамыз?
Үй тапсырмасы
Әннің І шумағын жаттау.
Сабақты қорытындылау
-Бүгін қандай сабақ өттік?
-Сабақ кезінде не істедік?
-Ән айтқан ұнады ма?

Күтілетін нәтиже: Әуен ырғағын сезіну,әнге қосыла айта білу.Ән-әуенге әсерлену,қызығушылығын арттыру.Ырғақты ажырата білу, дыбыстарды қайталай білуге дағдыландыру.Барабан аспабының дауысын ажыратуды,жеке сөздерді,дыбысты есте сақтап қайталауды меңгеру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет