Бөлім:
Өлең – сөздің патшасы
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да» өлеңінің идеясы.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.
Көпшілігі:
шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау.
Кейбір оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау.
|
Бағалау критерийлері
|
әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі;
шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу, түсіну
|
Құндылықтарды дарыту
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық)
|
Тілдік мақсаттар
|
Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысына талдау жасау.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі.
|
Жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.
І. Қызығушылығын ояту. Абай ақынның айтпақ ойынан не түюге болады?
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ.
Құр көз бенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық?
Абай
https://www.youtube.com/watch?v=h2u3wxEWqes
Оқушылар «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңін тыңдайды.
Сұрақ: Ақынның көңілін достан да, дұшпаннан да қалдырған не жайт болды екен?
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
ІІ. Мағынаны тану. (Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады).
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?
1-тапсырма. Қандай адам басшы болу керек? Өлеңде бұл қалай берілген? Басшының
бойында қандай қасиеттер болу керектігін талдап көріңдер.
Дескриптор:
Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;
Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге байланысын анықтайды;
Ойын дәлелдейді.
ҚБ
2-тапсырма. «Талдап білу» әдісі.
Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.
Дескриптор:
Өлеңнің тақырыбын, идеясын, мағынасын ашады;
Өлең мазмұны бойынша сұрақ дайындайды;
Өлеңнің мағынасын өмірмен байланыстырады;
Өлеңнің мазмұнына сәйкес қазіргі қолданыстағы
мақал-мәтелдерді айтады;
Өлеңнің құндылығын айтып, баға береді.
ҚБ
Бекіту. «Талдап білу» әдісі бойынша жүргізілген жұмысты өз пікіріңмен түйінде.
|
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.
Өлеңді тыңдайды.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады.
• Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;
• Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге байланысын анықтайды;
• Ойын дәлелдейді.
Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.
«Талдап білу» әдісі бойынша жүргізілген жұмысты өз пікіріңмен түйінд
|
Қалыптастырушы бағалау
|