Сабақтың тақырыбы Либерализм Батыс әлемінің кең тараған маңызды ағымы
Сабақтың тақырыбы
Либерализм - Батыс әлемінің кең тараған маңызды ағымы.
Идеология дегеніміз-адамдардың іс әрекеттеріне бағдар беріп,олардың мақсат мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар жиынтығы
Идеологияның түрлері
Либерализм
Консервативтік
Коммунистік
Социал-демократиялық
Фашизм
Либерализм латынша “Либералис” – “еркін” деген мағына білдіреді. Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль, Дж.Милль. Либерализм-ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпыадамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либералдық идеологияның негізгі принципі:
адамның еркіндігі;
тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы;
олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы;
Жаңарған либерализм (неолиберализм): онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға араласу керектігі негізделді. Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф.Фон Хайек, Дж.Кейнс, Дж.Гэлбрейт және т.б.жатады.
Либерализм
Либерализмнің басты идеялары — еркіндік, әр адамның өз табиғи құқықтары, демократия, жеке меншік; мемлекет адамдардың еркіндігін шектемеуге тиіс, сондықтан мемлекеттік билік қажетті минимумнан әрі аспауы керек.
Консерватизм идеялары — коғам өміріндегі тұрақтылықты, тепе-теңдікті, жаңарудың біртіндеп қана орын алғанын қалап, күрт өзгерістерден бойын аулақ салады, сабақтастықты, дәстүрлілікті, қалыптасып калған тәртіпті бұзбағанды артық санайды. .
Достарыңызбен бөлісу: |