Сабақтың тақырыбы: «Манас» жыры мен «Алпамыс» жырын салыстыра талдау, бұл



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі179,58 Kb.
#8745
түріСабақ

 

 

6- сынып  Халық ауыз әдебиеті  



Сабақтың тақырыбы:

« Манас» жыры мен « Алпамыс» жырын салыстыра талдау, бұл 

шығармалардың ұқсас болу себебін анықтау.

 

Мақсаты:  1. Екі халық арасындағы ұқсастықты анықтау; айырмашылығын анықтау.  

                   2. Әр жырдың өзіндік ерекшелігін анықтау;  

                       Халық дүниетанымы; 

                      Тілдік  шеберлігі ( ерекшелігі) 

                       Философиялық көзқарасын таныту; 

                    3. Қазақ халқы мен қырғыз халқы арасындағы үндестік, психологиялық үндестік,                   

                        ұлтаралық байланыс. 

 

Сабақтың барысы: Мотивациялық кезең.

 

1.

 

Сәлеметсідер ме. Отырыңдар. Балалар, біз шетел әдебиетін бастадық. Оның ішінде қай 

халықтың әдебиетімен таныстық?  

 



Қырғыз халқының «Манас» жырымен таныстық. 

 



Қазақ әдебиетінде осыған ұқсайтын жырлар бар ма? 

 



Батырлар жыры. 

 



Қазақтың батырлар жыры мен қырғыз халқының батырлар жырының ұқсас болу 

себебі неде деп ойлайсыңдар? 

 

 ----------------------------------------------- 



 

Балалар, дұрыс, дегенмен нақты себебін анықтай алмадық.



 

 



Олай болса, «Манас

 жыры» мен «Алпамыс жыры»  салыстырамыз. Бұл 

шығармалардың ұқсас болу себебін анықтаймыз.

 

 



Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз және сабақтың тақырыбын жазып 

қойыңдар

 



« Манас

 жыры» мен «Алпамыс жырын» салыстыра отырып талдау. 

 



Балалар,  салыстыру мақсаты қандай?  Жалпы сабақтың мақсаты қандай? 

1.

 

Мазмұнын салыстыру 

2.

 

Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау 

3.

 

Екі жырдың ұқсас болу себебін ашу 

4.

 

Жырға теориялық талдау 

5.

 

Тіліне талдау 

6.

 

Қорытындылау  

 



Сабақтың мақсатын анықтадық. Олай болса топпен жұмыс жасаймыз. Топ 

басшылары бар. Әр оқушы еңбегі мына шарт бойынша бағаланады. 

 

                                           Оқушы аты – жөні 



 

1-

 



жұмыс 

2 - жұмыс 

3 - жұмыс 

Ұпай 


саны 

10 ұпай 


5ұпай 

5 ұпай 


 

Операциялық кезең

 

 



Ал жұмысымызды бастайық. Топтың аттары бар. Әр топ өзіне қанатты 

пырақтарды таңдады. Неге топтың атаын тұлпар атымен атадыңдар? 

 

Тайбурыл 



 

Құлагер  



 

Айманбоз 



 

Байшұбар 



Таныстырып өтсеңдер.5- минут 

 

 

 



 

 

 



 

Өте жақсы. Балалар, бірінші тапсырмамызды бастайық.  



 

1 – жұмыс  

 

«Манас» жыры мен « Алпамыс» жырына тезис жасаймыз. Тезистің не екендігін білесіңдер. 



Уақытты алмаймыз,  тезис шамамен он шақты болуы керек. 

                          Тезис  

Алпамыс жыры 

Манас жыры 



Ойлануға 

-3минут, сөйлеуге – 4 минут, қорытынды – 2минут ( 10 минут) 

 



 

Жақсы сонымен екі жырдың да мазмұнын еске түсірдік. Бұл біздің келесі жұмысты 

бастаумызға жол ашып берді. Екі жырдың мазмұнынан не байқадыңдар? 

 



2 – жұмыс  

 



Келесі жұмыс салыстыру 

 



Екі жырды салыстырудың шарттарына көңіл бөлеміз. 

1.

 



Жырлардың көлемі 

2.

 



Екі жырға байланысты айтылған пікірлер мен зерттеулер 

3.

 



Образ жасау тәсілдері ( 7 әдіс –тәсіл)- дегеніміз не? 

4.

 



Екі жырда көрініс тапқан салт –дәстүрлер 

5.

 



Екі халықтың арман –тілгегі мен дүниетанымы – дегеніміз не? 

6.

 



Батырлар жырына тән белгілер бойынша салыстыру- неше белгісі  бар? 

7.

 



Жырдағы қиял-ғажайып оқиғаларды теру, салыстыру 

 

1.



 

Тайбурыл:   

a.

 

Көлемін салыстыру 



b.

 

Екі жырға қатысты зерттеулер 



2.

 

Байшұбар:  



a.

 

Образ жасау тәсілдері ( диалог, портрет, тура мінездеу, іс-әрекет) 



3.

 

Құлагер: 



b.

 

Екі жырдың салт –дәстүрін салыстыру 



c.

 

Халық арман –тілегі, дүниетанымы 



4.

 

Айманбоз:  



a.

 

Батырлар жырына тән белгілер бойынша салыстыру 



b.

 

Екі жырдағы қиял –ғажайып оқиғаларды теру, салыстыру 



Жұмысқа 6 минут, топтарға сөйлеуге 

– 8минут, қорытынды – 3 минут. 

( 18 минут)

 

Қорытынды: сонымен, балалар, көріп отырғандай, екі жырдың құрылысы, мазмұн 

ерекшелігі, халықтың дүниетанымы өте ұқсас екендігін анықтадық. Ортақ белгілері өте көп 

екен



3 – жұмыс  

 

Келесі жұмыс екі жырдың теориялық талдауына салыстыру жасау. 



1.

 

Тайбурыл: 



a.

 

Шығарманы идеясы, тақырыбы 



2.

 

Байшұбар:  



b.

 

Тіліне талдау ( әсірелеу, эпитет, теңеу, метафора) 



3.

 

Құлагер: 



 

 

c.



 

Екі жырда көтерілген проблема 

4.

 

Айманбоз: 



d.

 

Өзектілігі, бүгінгі тадағы өзектілігі, тәрбиелік мәні 



Ойлануға 

– 3 минут 

Сөйлеуге 

– 4 минут 

Енді анықтаған нәрселерді қорытындылау. Не байқадыңдар? Яғни, екі жырды идеялық тұрғыдан 

алып қарасақ та, өзектілігі де, көтерілген мәселесі де үндес, бағыттас екен.  

Рефлексия ( бекіту): Бүгінгі сабақтан не алдыңдар, не білдіңдер? 

 

 



Екі батырдың да халық мүддесі үшін өмір сүріп, қызмет еткендігі( мазмұн тұрғысынан). 

 



Аз ғана айырмашылығы болмаса, екі жырдың да батырларға тән белгілері бірдей . 

 



Тілдік талдау жасағанда әсірелеудің көп кездесуі, троп түрінің молынан көрініс табуы. 

 



Идеясы мен тақырыбы да егіз. 

 



Өте дұрыс айтасыңдар. Бұл екі шығарманың бір – біріне өте ұқсас екендігі мәлім болды. 

М. Әуезовтың сөзімен айтатын болсақ: « Манас пен Алпамыстың бір кездері бір жыр, 

түпкі нұсқасы бір жыр болуы да мүмкін» .  Бұл екі халықтың да түркі халық және көршілес 

халық екендігін дәлелдейді.  

 

Үйге тапсырма: « Қазақ пен қырғыз бір туған» тақырыбына эссе жазып келесіңдер. 



Көлемі екі беттен кем болмасын.

 

 



Енді әр оқушы өзінің жинаған ұпайы мен бағасын айтып шықсын. 

 



Рахмет, балалар, сау болыңдар. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет