Сабақтың тақырыбы: Мен және менің құқығым. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ӛз құқықтарын қорғай білуге үйрету



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі221,52 Kb.
#283
түріСабақ

.«Бекітемін» 

Тәрбие ісінің орынбасары:                              Кужамкулова С.А. 

 

«   »  күні  ----------- айы, --------- жылы 



 

Сабақтың   тақырыбы:    Мен және менің құқығым. 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ӛз құқықтарын қорғай білуге  үйрету. 

Құқықтық  норматив  актілерді  орындай,  құрметтей  білуге  үйрету, 

адамгершілікке , елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа  тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Интерактивті  тақта. 

Барысы 

Ұйымдастыру 

а) Мемлекеттік әнұранды орындау. 

ә) Сабақтың мақсаты мен мазмұнын таныстыру. 

Кіріспе. 

 

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен және менің құқығым» деп 

аталады.  

    Бүгін  біз  дүниеге  келгеннен  бастап,  тұлға  болып  қалыптасқанға  дейін 

қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз.Балалар адамға қатысты  

барлық  құқықтарға  ие.  Бірақ  ересектерге  қарағанда  ӛз  құқықтарын  қорғау 

мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық  қорғауды  қажет етеді. 

    Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда кӛрініс тапқан. 

-

 

Қазақстан республикасының конституциясы. 



-

 

Бала құқықтары туралы конвенция 



-

 

Бала құқықтары туралы декларация 



-

 

Азаматтық кодекс 



-

 

Неке және отбасы туралы заң 



Конституция- конституция мемлекет пен қоғамның негізгі заңы.1995жыл  

30-тамызда 



Құқық-Мемлекет шығарға немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. 

Құқықты заң қорғайды. 



Декларация деген не? 

Үкіметтің, саяси партия халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі. 



Бала болып кімдер саналады? 

18 жасқа толмағандар 

Адам  құқықтары  мен  бостандық  туралы  декларацияны  қандай  ұйым 

қабылдайды(БҰҰ) 



БҰҰ-ның мақсаты не? 

Бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықты қорғау. 

а)  Бала  құқығы  туралы  Конвенцияға  Қазақстан  президенті  қай  жылы  қол 

қойды?(1995  жылы  желтоқсан  айында  )  54  баптан  тұратын  бала  құқығы 

туралы құжат. 

Құқық туралы заңды қандай орган шығарған? 


 

 

Парламент 



Біз неге құқылымыз? 

Ӛз  ойымды  айтуға,  қалаған  тілде  сӛйлеуге,  жазуға,  оқуға,ӛз  туған  жерімде 

тұруға,оны қорғауға,тұратын мекенімді таңдауға құқығым бар. 

Балалар құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. 

Сіздердің құқықтарыңыздың шектелген кездері де болады. 

Құқықтарыңызды кім шектей алады? 

-Заңдар. 

-жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері. 

-Сенің ар ұятың. 

Міндет-  адамдар  бұлжытпай  орындауға  тиісті  тәртіп  пен  қарым-  қатынасқа 

қойылатын(тәртіп) талап. 

-

 

Білім алуға. 



-

 

Тәртіп сақтауға 



-

 

Мектеп мүлкін сақтауға 



-

 

Үлкенді сыйлауға 



-

 

Ана тілдің тазалығын сақтауға 



-

 

Әрдайым таза жүру 



Осы ережелерді бұлжытпай орындау- біздің парызымыз. 

1-оқушы:  

Әділдікпен басталсын деп атқан таң, 

Ата-бабам келе жатыр сақтап заң 

«Қасым ханның қасқа жолы» бас болып, 

Тәуке ханның жарғылары сақталған. 

Билер шешіп ақ пен қара арасын

Жапқызбаған жамандықтың жаласын. 

Заң деген бар біздегі асыл қасиет, 

Әділ шешіп ақтай берген бағасын. 

2-оқушы: 

Конституция- ерікті елдің құқы, 

Адам құқы, алдымен ердің құқы. 

Мемлекетім жан-жақты дәйектелген 

Конституция-алтын заң, елдің құты. 

3-оқушы: 

Ол бойынша сайлаймын, сайланам да, 

Ол бойынша біртұтас бай далам да. 

Сансыз ұлттың ӛкілі бір ордада, 

Тең құқылы арлығы айналамда. 

4-оқушы: 

Қалауымша оқимын,білім алам, 

Еңбек етем, қартайсам тыным алам. 

Емделемін ауырсам заңды түрде, 

Конституциям бекіткен мұны маған. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-оқушы: 

Ӛз елімде қастерлі, құрметтімін, 

Қорламайды ешкімде тілдеп қырын. 

Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам, 

Заң алдында жауапқа міндеттімін. 

6-оқушы: 

Құқың бар: күл,ойна,шаттанып білім ал. 

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал. 

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет, 

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар. 

7-оқушы

Құқың жоқ гүлдерді, кӛк шӛпті жұлуға, 

Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға. 

Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп, 

Халқыңның алдында қызарып тұруға. 

Қазақстан Республикасы Конституциясында ең қымбат қазынасы адам 

өмірі екендігі айтылған. 

-Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. 

-Әркімнің  ӛз  құқықтары  мен  бостандықтары  сот  арқылы  қорғауына  құқығы 

бар. 


-Әркімнің тынығуға құқығы бар. 

-Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 

-Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 

-Әркімнің еңбек ету бостандығына құқығы бар. 



8-оқушы: 

Тәртіпті бала-сүйініш, тӛбең бір кӛкке жетеді. 

Тәртіпсіз бала-күйініш, тӛмендеп басың кетеді. 

Ұрыншақ бала жаңында: ұрыс пен керіс, айқай-шу, 

Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың. 

Ал Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері мыналар: 

1.Заңдарға бағыну. 

2.Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын,арын құрметтеу. 

3.Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу. 

4.Салықты тӛлеу. 

5.Тарих және мәдени байлықтарды ақтау. 

6. Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау. 

7.Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы. 

8. Орта мектеп білімін алу. 

9. Қазақстан Республикасын қорғау. 

Қорытынды 

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет