Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер «Қара жәшік»



Дата17.04.2023
өлшемі15,55 Kb.
#83621
түріСабақ

Жаңартылған білім беру
Ашық сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер
«Қара жәшік» әдісі 1-қадам: Қара жәшік дайындалады. 2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады 3-қадам: Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды 4-қадам: жасырын зат табылады
«Қатесін тап» 1. Жұпқа бөлініңіздер. 2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі "жалған" болып табылады. 3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер. 4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.
«Тыңдайтын үшбұрыштар» Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді: СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі). ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін "Бірге ойланамыз" тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).
«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі 1-қадам Сабақтың тақыпыбы мен мақсатын ашу 2-қадам Төрт адамнан «үй» тобына бөлу. Әр оп 1,2,3,4 деген өз нөмірлерін алады 3-қадам Әрқайсына тапсырма үлестіріледі 4-қадам топ ішінде әр оқушыға нөмір беріледі (1,2,3,4) 5-қадам Үй тобында мәселе талқыланады 6-қадам Белгілі бір уақыттан кейін топтағы оқушылар орнынан тұрады 1 нөмірлер көрші топқа, 2-нөмірлер 3-топқа, 3-нөмірлер 4-топқа, 4-нөмірлер 1-топқа жиналады. 7-қадам «қонақтар сұрақ қояды» сосын өз топтарына қайтады. 8-қадам 1,2,3-нөмірлер үй тобына келіп , кезек-кезек қонақта не үйреніп келгендерін айтады. 9-қадам: Топ жұмыстарын өзара салыстырады.
«Коллаж әңгіме» Ұйымдастыру: топпен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту. Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет