Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицейі тарих пәні мұғалімі Оразымбетов Мурат Маратович Сабақтың тақырыбы: Неліктен АҚШ-та 1920-шы жылдарды «гүлдену кезеңі» деп атайды?
Оқу мақсаты: 8.4.1.2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін «модернизация» ұғымын пайдалану
8.4.1.1 ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өңдірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар: АҚШ-тың даму процесіндегі гүлдену кезеңін анықтаймыз. (білу, түсіну)
Оқушылардың басым бөлігі: АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму кезеңіндегі модернизация ұғымын пайдаланып, гүлдену кезеңін анықтаймыз, талдаймыз.(қолдану, талдау)
Кейбір оқушылар: ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өңдірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын талдап, бағасын береміз. (қолдану, талдау, бағалау)
Бағалау критерийлері
Барлық оқушылар: АҚШ-тың даму процесіндегі гүлдену кезеңін анықтайсындар.
Оқушылардың басым бөлігі: АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму кезеңіндегі модернизация ұғымын пайдаланып, гүлдену кезеңін анықтап, талдайсындар
Кейбір оқушылар: ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өңдірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын талдап, бағасын бересіңдер.
1922 – 1929 жж. кезең АҚШ-та өркендеу немесе «просперити дәуірі» деп аталады.
1920 жылдардың басында АҚШ әлемдегі өнеркәсіптік өнімнің 48%-ын өндірді. Сондай-ақ Америка дүниежүзі елдеріне несие бере отырып, жаһандық несие берушіге айналды.
Жаңа салалар – автомобиль өнеркәсібі, электротехника, химия және авиация барынша жылдам қарқынмен дамыды. Экономикалық өрлеудің маңызды алғышарты дәстүрлі отынды электрмен және мұнаймен алмастыру болды. Осы ретте өнеркәсіп өнімдерін стандарттау және унификациялау ерекше рөл атқарды. Көптеген өнеркәсіп конвейерді құрастыру әдісін қолдана бастады, оны алғаш рет Г. Форд өзінің автомобиль зауыттарына енгізді. Конвейер еңбек өнімділігін 10 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 1925 жылға қарай автомобиль бағасы 300 доллардан төмен болды, бұл оны көпшілікке қолжетімді етті. 1929 жылға қарай АҚШ зауыттары 39 миллион автомобиль шығарды.
БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
1-тапсырма: АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму процесін анықтаңдар?
Дескриптор: білім алушы-
1) АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму процесінің алғышарттарын анықтайды;
2) АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму процесінің барысын сипаттап, анықтайды;