Сабақтың тақырыбы: Өнерлі достар Бүгінгі сабақта: Музыканың көңіл күйінің ерекшелігін сипаттайсың



Дата22.12.2023
өлшемі1,24 Mb.
#142488
түріСабақ

2 сынып музыка №14 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өнерлі достар
Бүгінгі сабақта:
  • Музыканың көңіл күйінің ерекшелігін сипаттайсың.
  • Музыкалық үзінділерді тыдап, лиганың орындалуын үйренесің.

1.Мәтінді оқы.
Ер Төстік, Епті, Желаяқ,Саққұлақ төртеуі жолдас болып келе жатты.
Алдарынан тағы бір адам кездеседі. Ол тауды көтеріп, қайтадан орнына қойып жүрген екен. Бұл Таусоғар еді.Ер Төстік пен Таусоғар достасады.

2. «Таусоғар» әнін орындайық.
Тау мен тасты көтерген,
Жер-жаһанды ол кезген.
Қандай алып бар екен
Таусоғарға тең келген.
3.Ұйқасын тап.
Бауыры толған бау,
Шыңы биік ... .
4.Мәтінді оқы.
Олар бесеу болып келе жатты. Алдарынан бір үлкен көл көрінеді.Кенет көлдің суы жоғалып кетеді.Сәлден кейін қайта пайда болады.
Бұған олар қатты таңқалады. Қараса, көлдің суын ұрттап, қайта төгіп, бір адам отыр екен.
Бұл Көлтауысар еді. Ол да Ер Төстікке жолдас болады.
Фраза (сөйлем, өрнек)-музыкада бірнеше мағынаға ие ұғым.
Ол аяқталған әуен мен музыкалық ойды білдіреді.
5.«Көлтауысар» әнін бірге орындайық.
Қуанышпен қауышқан,
Кісімен тез тіл табысқан.
Өзен-көлдің суларын
Жалғыз өзі тауысқан.
6. «Көлтауысар» әнінің 1 және 2-фразасын топқа бөлініп орындаңдар.
Қуанышпен қауышқан,}
Кісімен тез тіл табысқан,}1-фраза

Өзен-көлдің суларын.}
Жалғыз өзі тауысқан.} 2-фраза

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет