Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»



бет1/5
Дата06.09.2022
өлшемі152,42 Kb.
#38505
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ашық сабақ Тортай мінер ақ боз ат


Тексерілді______________


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

Бөлім:

3. Балалар мен үлкендер. Туған өлке публицистика беттерінде

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:

2022 жыл 23 ақпан

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 



Сабақ мақсаты

шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды; 



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Мен саған сенемін, өйткені сен...» арқылы жүзеге асырылады.
Үй тапсырмасын тексеру
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің композициялық құрылымын талдаңдар.
«Сандар сыр шертеді» әдісі бойынша жазушы өмірі мен қызметіне шолу жасаңдар

Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Дескриптор: Жалпы 3 балл
- шығарманың композициялық құрылысын талдайды.
Дескриптор: Жалпы 1 балл
- Оқиғаны табады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
Кітап, дәптер, қалам суреттері



Жаңа сабаққа кіріспе

) «Миға шабуыл» әдісі
«Жаңбырлы сұрақтар» әдісі

  1. Тортайдың арманы не еді?

  2. Оның арманына жете алмауына кімді кінәлайсың?

  3. Әңгіме неліктен «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталады?

  4. Тортай неге жасқаншақ деп ойлайсың?

  5. Тортайдың тамақ үшін дос боп жүрмегенін қалай дәлелдейсің?

  6. Тортай неге Орашты жақсы көрді деп ойлайсың?

  7. Ораштың да Тортайға ерекше көзқараспен қарауын қалай түсіндіресің?

  8. Тортайдың өз ертегілерін үнемі жетім бала туралы бастауына қалай қарайсың?

  9. Әңгімеге сендер қандай атау берер едіңдер?

  10. Қазіргі өмірде Тортай сияқты балалар бар ма?

  11. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі «ақ боз ат» ненің символы деп ойлайсыңдар?

  12. Тортай кітап туралы қандай пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

  13. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. 

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет