Сабақтың тақырыбы: Отырар опаты. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата15.01.2023
өлшемі52,5 Kb.
#61355
түріСабақ
Байланысты:
КМЖ Кулик


Білім беру мектеп атауы

№37 «Еңбек» ЖОМ

Пәні:

Дүниежүзі тарихы «Тарихтағы танымал шайқастар».

Бөлім:

Факультатив

Педагогтің аты-жөні:

Атаев Т. А.

Күні: 09.01.2023 ж




Сынып: 11 сынып

Қатысушылар саны: 11А 11 Ә 11 Б

Қатыспағандар саны: 11А 11Ә 11Б

Сабақтың тақырыбы:

Отырар опаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:




Сабақтың мақсаты

Дүние жүзі тарихында елеулі орын алған Куликова шайқасын егжей-тегжелі түсіндіру. Орыс елінің тәуелсіздік алуы мен дамуына үлкен ықпал жасаған куликова шайқасындағы ерекшеліктеріне тоқталу. Соғыстың ауыр зардаптарын түсіндіру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың барысы Тарихы жағдай
1379 жылы Мамай бүкіл Солтүстік Кавказды бағындырып, келер жылы Астраханды басып алған. Осылайша, Алтын Орданың Еділден батысқа қарайғы барлық ұлысы Мамайдың бақылауында қалды. Мамай өзінің жағдайын нығайтқаннан кейін, Русьтін Ордаға бұрынғыдай тәуелділігін қайта қалпына келтіруге кірісті. Мәскеу князі Дмитрий алым-салық төлеуден бас тартып, орыс қалаларында моңғолдарға қарсы толқу басталды. Мамай жай тонауға ғана емес, Русьті түпкілікті әлсіретіп, қайта тізе бүктіруге жорыққа дайындала бастады. Бұған қоса, Орыс хан көз жұмып, оның мұрагерлері Тоқтамыспен соғыстың әуресімен жүрген болатын. Сондықтан шығыстан шабуылдайды деп қауіптенудің реті жоқ еді. Мамайдың Мәскеумен соғыстағы одақтастары Литва князі Ягайло мен Рязан князі Олег болатын. 1380 жылы құрамына қыпшақтар, аландар (остетин), касогтар(черкестер), Кавказ еврейлері, армяндар мен Қырым княздіктері кірген Мамайдың әскерлері Еділден өтіп, Воронеж өзенінің сағасына тоқтады. Осы жерде Олег пен Ягайлоның елшілерін қабылдаған еді. Олардың арасында жасалған келісім бойынша, Алтын Орда мен Литвав әскері Ока өзенінде бірігіп, ары қарай орыс жеріне бірлескен шабуыл жасауы керек. Литва - Мәскеудің ежелгі дұшпаны. Ал Олег болса, Рязань жері Мамай әскерінің жолында жатқандықтан, Мамайға қосылды. Ол Алтын Ордадан да, Мәскеуден де қауіптенетін. Дмитрий Мамайдың басып кіруді жаздың соңына қарай белгілегенін білісімен, барлық әскери полкты 1380 жылды 15 тамызда Коломнада жинау туралы шешім қабылдады. Дмитрий Иванович барлық орыс княздіктерінің әскери күшін тартуға талпынған болатын. Бірақ Тверь де, Төменгі Новгород та(Мамаймен жасырын қатынасқа түскен Рязаньды айтпағанда) бұл тартысқа қатыспады. Осыған қарамастан. Мәскеу басқа да князьдықтардың күшін жұмылдыру Дмитрий Ивановичке осыған дейін болмаған орасан орыс қолын жинауға мүмкіндік берді. тұрғызған еді. Коломнада орыс полктары ретке келтіріліп, әскери дайындықтан байқау өткен болатын. "орыс жерінің мұндай қалың қолды көрмегеніне көп болды" деп жазды. Біріккен әскер Коломнадан Ока арқылы Рязань князьдігінен тысқары жатқан Лопаснаға жол тартпақ. Дмитриийдің стратегиялық мақсаты да сол, Мамайдың Литва князы Ягайло мен Рязань князы Олегпен кездесу доспарын бұзу еді. Мәскеу әскері асқан сақтықпен қозғалды. 30 тамызда Окадан өтіп, қыркүйекте Донға келді. Дмитрий Мамайды осы жерден алуды діттеген. Кездесетін орын ретінде Куликов даласының таңдалуы кездейсоқ емес. куликов даласының географиялық жағдайы орыс әскері үшін өте қолайлы еді: өзенді, орманды және балшықты қапталдары бар әрі орыстардың әскери қосының төбеде орналасуы өте ыңғайлы саналды. Мамай Куликов даласына Красивая Меча өзеніні жағынын келген. 7 қыркүйектен 8қыркүйекке қараған түні орыс әскері Дон арқылы өтіп, өздерінің шегіну жолын кесіп тастады. Содан соң, Смолка мен Төменгі Дубик арасындағы су айырығында әскери сапқа тұрды. Алтынордалықтардың негізгі соққысы беріледі деп күтілген орыс әскерінің сол қапталы Смолканың ми батпақты жағасына еніп жатты. Ал оң жақ қапталы Непрявда өзенінің батпақты жағалауымен және ауыр қаруланған Псков пен Полоцкийдің атты жасақтарымен қорғалды. Үлкен әскердің орталығына барлық қалалық полк жинақталып, алдыңғы шептегі полк үлкен полктың бір бөлігін құраған. Күзетші полктың қызметі ұрыс ашып, сапқа қайта оралу болатын. Алдыңғы шептегі полк пен күзетші полк жау әскерінің негізгі күшке шабуылдауын әлсіретуге тиіс. Үлкен полктың артында жеке резерв орналасты. Оның үстіне, Дмитриий Боброк-Волынский мен Серпухов князі Владимир Андреевич сияқты тәжірибелі қолбасшыларлың басшылығымен таңдаулы атты әскерден мықты торуыл полкы құрылған еді. бұл полк жалпы резерв міндетін атқарып, негізгі күштің сол қапталының артында - орманда жасырынған болатын. 8 құркійек күні таңертең Куликов даласын қалың, көз көргісіз тұман басып қалды. Буылдыр тұман сағат он екілерде ғана сейіліп, шайқас Челубей мен Пересветтің жекпе-жегімен басталды. Бірақ екі батыр да осы соғыста мерт болды. Алтын Орданың атты әскері күзеттегі және алдыңғы шептегі полктарды талқандап, үш сағат бойы орыс әскерінің орталығы мен оң жақ қанатын бұзып жарып өтүге күш салды. Орыс полктарды айтарлықтай шығынға ұшырады. Қатардағы жауынгер сауытын киіп шайқасқан Дмитрий Ивановичтің өзі де жараланған болатын. Мамай негізгі соққыны сол жақ қапталға қарай ауыстырып, орыс полктарын тықсыра бастағанда, ұрысқа жеке резерв араласты. Бірақ алтынордалықтарға орыстардың сол жақ қанатын бұзып өтіп, негізгі күштің тылына шығудың сәті түсті.
Шешімінде
Шешуші сәтте қолбасшы Боброктың торуыл полкы бұзып-жарып кірген. Алтын Орда атты әскерінің қапталы мен тылына соққы береді. Өзге полктар қолдап ала жөнелген бұл полктың күтпеген әрі қарқынды шабуылы шайқастың нәтижесін орыстардың пайдасына шешті. Мамайдың әскері сескеніп, қаша бастады. Орыс жауынгерлері хан ордасын басып алып, Мамай әскерінің қалған бөлігін елу шақырымға дейін(Красивая Меча өзеніне дейін) қуғындалған. Екі жақтың да шығындары орасан еді. Жеңіліс туралы естіген Ягайло асығыс кері қайтты. Куликов шайқасында Шығыс Русі қолынан келгенінің бәрін жасады. Егер Алтын Ордадағы өзара тартыс ары қарай жалғасқанда, бұл шайқас Русьтің тез арада тәуелсіздік алуын қамтамасын етер еді. Алайда ордадағы бірлік пен тегеурінді билік 1381 жылы Қалқа өзенінің бойында Мамай Тохтамыштан жеңілгеннен кейін қалпына келтірілді. Нәтижесінде, Ақ Орданың әміршісі Тохтамыш Алтын Орданың тағына отырып, арғы атасы Жошының жерлерін біріктірді. Шексіз билікті пайдаланған Тохтамыш орыс князьдарынан олардың Алтын Орда хандарына көрсетіп келген дәстүрлі сый-құрметті көрсетулерін талап еткен болатын. Бірақ Куликов шайқасынан кейін орыстар оның талаптарын орындаудан бас тартқан. Сол кезде Тохтамыш орыс княздықтарына басып кіріп, отқа орап қанға бүктірді. Суздаль өлкесін, Владимир, Юрьев, Можайскіні тонап, 1382 жылы 13 тамызда Мәскеуді түгін қалдырмай қиратып, отқа орады. Оқиғаға литвалықтар араласпақ болған.Бірақ олар Полтава түбінде ойсырай жеңілді .Осыдан кейін христиандық Русь 100 жыл бойы моңғол тепкісінде өмір сүруге лажсыз көндікті

Жаңа білім



Бекіту



Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі.
Мен бүгін білдім...
Мен бүгін сезіндім...
Мен келесі сабақта білгім келеді ...



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет