Сабақтың тақырыбы: ҚР білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқу пәні ретінде



бет1/8
Дата25.11.2023
өлшемі30,69 Kb.
#127329
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақ жоспары №1
Сабақтың тақырыбы: ҚР білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқу пәні ретінде
Сабақтың жоспары:
1.1 Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
1.2 Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
1.3 Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары
1.4 Дене тәрбиесінің амалдары
1.5 Дене тәрбиесі жаттығуларының техникасы
2. Сабақтың мақсаты: Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу

  1. Қысқаша мәлімет:

Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз–әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты–күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері-дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады. 3. Тәрбиелік міндеттері–адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі - дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі – адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет