5.2.2.4 растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
Сабақтың мақсаты:
Растрлық және векторлық графиканы қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады, баға береді.
Бағалау критерийі:
растрлық және векторлық графиканы анықтайды;
растрлық және векторлық графиканың қызметтерін салыстырады;
растрлық және векторлық графиканы қолданудың ерекшеліктерін сипаттайды.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Алдыңғы білімді қайталау
Алдыңғы білімді қайталау бойынша алған білімдерін, үй тапсырмасын жинақтау мақсатында
«Сен маған, мен саған » әдісі арқылы оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қояды
Оқушыларды 1,2 санау арқылы топқа бөлу
Оқушылар бір бірлеріне сұрақтар қояды.
Растр, вектор екі топқа бөлінеді.
Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!
Сабақтың ортасы
Жаңа білім Екі топтағы топ белгілеріне қарай отырады. Мұғалім: құралған суретке қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
Оқушылармен бірлесе отырып, жаңа тақырыптың мақсатын құрады
Тапсырма№1. Топтық жұмыс Растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау мақсатында «Постер» әдісін қолданамыз. Оқушыларға ақпаратпен танысуға уақыт беріледі. Топ атауына сай ақпаратпен танысады, өз ойларын қосымша жазады.
Постерге берілген кескін
«Жасыл қалам» әдісі: Оқушыларға жұмыстарын тексеріп, белгі қою үшін жасыл түсті қалам беріледі. Бағалауға келгенде бастапқы жазбаға емес, оқушылардың жазған ескертуіне көңіл бөлінеді.
Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндірме жұмысы немесе оқушылардың ойларын толықтыру жүргізіледі