Сабақтың тақырыбы: Саптан шығу,бастыққа бару,қайта сапқа тұру



Дата06.01.2022
өлшемі36,5 Kb.
#13775
түріСабақ
Байланысты:
stud.kz-15026


«Бекітемін»

______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Саптан шығу,бастыққа бару,қайта сапқа тұру

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға саптан шығу, бастыққа бару және қайта сапқа тұруды үйрету

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: Саптық алаң.

  5. Өтлетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар,автоматтың макеті

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?

  • бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?

  • бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.

  • қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Саптан шығу және оған қайтып келу.Бастыққа келу және одан кету

Әскери қызметші саптан шығу үшін мынандай пәрмен беріледі. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. Саптан осыншама адым алға шық» немесе Қатардағы жауынгер Әлімов,бері кел(жүгіріп бері кел)!» Әскери қызметші өзінің тегін ести сала, «Мен!»-деп ,саптан шығу (шақыру) туралы пәрмен бойынша: «Құп болады!»-деп жауап береді.Әскери қызметші бірінші пәрмен бойынша саптан саптық адыммен бірінші қатардан бастап аталған адым саны бойынша шығады,тоқтайды және бетін сапқа қаратып бұрылады,қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі –үш адым жетпей тоқтап,келуі жөнінде баяндайды. Мысалы: «Лейтенант мырза! Қатардағы жауынгер Әлімов Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр» немесе «Полковник мырза! Капитан Маратов,Албаев сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».

Әскери қызметші екінші қатардан шығар кезде ол сол қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады,ол алға бір адым және аяғын қоймастан оңға бір адым жасап,саптан шығатын әскери қызметшініөткізіп жібереді,одан кейін өз орнына тұрады.Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатардағы оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.

Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі: «Қатардағы жауынгер Әлімов ,сапқа тұр!» немесе тек: «Сапқа тұр!»



Сапқа бетпе-бет қарап тұрған әскери қызметші: «Қатардағы жауынгер Әлімов!» деген пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала,бетін бастық жаққа бұрады және «Мен!»-деп жауап береді,ал: «Сапқа тұр!» пәрмені бойынша ,егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйінде қарумен тұрса,қолын бас киіміне тигізіп «Құп болады!»-деп жауап береді,қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді,саптық адыммен қозғала отырып қысқа жолмен саптағы өзінің орнына тұрады. Егер тек қана : «Сапқа тұр!» пәрмені берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан сапқа қайтып оралады.Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін,қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталынған күймен алынады. Әскери қызметші саптан тысқары бастыққа келген кезде, екі-үш адым бұрын тоқтайды және аяғын қойып,бір мезгілде оң қолын бас киіміне апарады,одан кейін келуі жөнінде баяндайды.Баяндау аяқталған соң қолын түсіреді.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет