Күні:
|
Сынып: 9
|
Бөлім. Адам жанының құпиясы
|
Сабақтың тақырыбы
|
"Шұғаның белгісі" хикаятының тақырыбы мен идеясы
|
Оқу мақсаттары
|
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.2.3.1.Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесіне сюжеттік – композициялық талдау жасайды.
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
|
Бағалау критерийлері
|
әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
| |
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы,музыка.
|
Алдыңғы білім
|
Б. Майлин шығармашылығы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушын-ың әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабаққа зейінін аударту
Ой шақыру
«6 Неліктен?» стратегиясын қолданып, сұрақтарға жауап береді.
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
1. Неліктен Бейімбет әйел теңсіздігі мәселесіне көңіл бөлген?
2. Неліктен «Шұғаның белгісі» хикаятын қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі дейміз?
3. Неліктен Бейімбет Майлинді – "қазақ әңгіме жанрының атасы" дейді?
4. Неліктен суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды?
5. Неліктен автор басты кейіпкерге аяушылық сезімін білдіреді?
6. Неліктен Бейімбет өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді?
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Оқушылар назары сабаққа аударыла-ды.
|
Қ/Б. «Плюс- минус- қызықты» әдісі арқылы бағалау жүргізу:
*Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?
*Не ұнамағандығы туралы айта аласыз ба?
*Не қызықты болғандығы туралы айта аласыз ба?
|
|
|