Оқытушы
|
Тасқалиева Г.Н
|
Пәні:
|
|
Мамандық
|
011101 3 – «Қазақ тілі және әдебиеті»
|
Топтар
|
2б КШК; 1в КШК
|
Уақыты:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Сыйластыққа себеп көп
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
|
Халық арасындағы бір-біріне деген сый-сияпаттың түрлері туралы түсінік беру, бір-біріне деген сыйластық, түсіністік туралы мәлімет беру;
Адамгершілікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу;
Әрбір жеке тұлғаның бойына сенімді қалыптастыру, жеке “Менін” орнату
|
Сабақтың типі:
|
Жаңа білімді хабарлау
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
|
Проблемалық,ойын, тірексигналдарарқылыоқытутехнологияларыныңэлементтері; АКТ, топтықоқыту;
|
Сабақтың әдісі:
|
сөздік, көрнекілік, практикалық, проблемалық
|
Пәнаралық байланыс:
|
Қазақ тілі, педагогика, психология, қазақ әдебиеті
|
Оқыту құралдары:
|
Мақал-мәтелдер жинағы, қазақтың шешендік сөздері
|
Сабақтың барысы:
|
Оқытушының қызметі
|
Студенттің қызметі
|
Күтілетін нәтиже
|
|
студент
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
|
Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығына, балалардың сырт келбетіне көңіл бөлу, оқу құралдарын дайындату
|
Мұғаліммен амандасып, балалардың сырт келбетіне айтылған қысқа ескертулерден қорытынды шығарады. Оқу құралдарын дайындайды.
|
Сабаққа психологиядық тұрғыдан дайын.
|
ІІ. Жаңа білімді хабарлау
|
Тапсырма-1. Студенттер, адам баласына көркем мінезді болу үшін қандай жат қылықтар кедергі болады деп ойлайсыздар?
|
Адамға жат қылықтар немесе адамның 9 жауы.
Басты жауың – жалқаулық сорлататын жаныңды,
Осалдығың – аңқаулығың соқтаратын саныңды.
Жасқаншақ болсаң ұры алар қорадағы малыңды,
Жалатқызбас жасықтығың аузыңдағы балыңды.
Өтірік айтсаң өңмеңдеп жоғалтасың арыңды,
Өсек терсең телмеңдеп суға кетірер салыңды.
Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды,
Көрінгенге жалпақтап бола алмайсың жағымды.
Біреуді арбап алдаумен аша алмайсың бағыңды
|
Проблеманы шешу құзыреттілігі: студент қойылған жағдаяттық сұраққа ойланып жауап беруге, қызығушылықтары оянады
|
-ассосация жасау;
|
Тапсырма-2. Жат қылықтарды анықтасақ, енді тақтаға шығып адамның асыл қасиеттері қандай екен, соны топтастырып жазып берініз! Мына сиқырлы дүкеннен керектеріңізді алуға болады
|
Адамның бойындағы асыл қасиеттрдің жиынтығын бір сөзге жиып, мағынасын ашып түсіндіріп кетеді
|
Жаңа ақпараттармен жұмыс жасауға әзірленеді.
|
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
-мағынаны тану;
|
Тапсырма-3.
Бізді,жасөспірімдердіүлкендершынайы
түсінеме?
|
Сен қандайсың?Осы сұрақты өзімізге қойып, пікірімізді білдірейік.
1-топ. Неге қыздарға қарағанда ұлдар үшін достықтың үлкен маңызы бар?
2-топ. Неге ұлдарға қарағанда, қыздар өздерін өзгерткенді, өзін-өзі тәрбиелегенді ұнатады?
3-топ. Бүгінгі жасөспірімдер
ол қандай? /өзін-өзі ұстауы, киім киісі ұнайма?/
4-топ. Неліктен жасөспірімдердің
ата-ана, ұстаздармен пікірлері сәйкес келмейді?
|
Коммуникативтік құзыреттілік: әрбір студент қойылған сауалдар бойынша өз ойларын айтып, сөйлеуге жаттығады, басқалармен пікір алмасады
|
|
Тапсырма-4
Түс таңдау арқылы сіз өзіңіздің бойыңызды қабілеттер мен қасиеттерді айқындап, білдіре аласыз!
|
|
Таңдаған түстері әр студенттің мінез-құлқы, ерекшеліктері байқалып, анықталады.
|
Рефлексия
IV. Бағалау
V.Қорытынды
VI. Үйге тапсырма.
|
«Тұмарша» ойыны. Шарты мынадай:
“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі”
Әбу Насыр Әл-Фараби
«Кешіре білу – сыйластық» атты эссе жазу.
|
1.Анаңа ауыр сөз айтпа
Атыңа ауыр жүк артпа!
2.Аға алдында пейілінді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
3.Оң қолың ұрыс бастаса,
Сол қолың араша болсын.
4.Қорықсаң, от жақ.
5.Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.
6.Келмей жатып қорықпа,
көрмей жатып тарықпа.
8.Сырын білмеген адамға сырыңды айтпа,
Қасақы жауға шыныңды айтпа.
Студент тәрбие мен білімнің егіз ұғым екеніне көз жеткізіп, ойларына түйеді. Өмірде адамдардың қарым-қатынасындағы маңызды нәрсе – сыйластық екенін ұғынады. Бойларын ізгі ниет, көркем қасиеттерді қалыптастыруға тырысады.
|
Жақсы ақыл адамды есейтеді, жақсы адамды марқайтады, көңілін көтеріп, пейілін, ниетін ағартады.
Өз ойларын білдіре отырып, шешен сөйлеуге, тіл байлығын, сөздік қорын байытады.
|
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Сыйластыққа себеп көп...
Өткізген: Тасқалиева Г.Н
Тобы: 2б КШК; 1в КШК
Орал – 2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |