Сабақтың тақырыбы: Сын есім Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата30.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#32932
түріСабақ
Байланысты:
2 сынып 4 тоқсан сөж


Бөлім:

Оқиға құрастыра аламын

Педагогтің аты-жөні:

Тілеуберді Б.Т

Күні:

2І.04.2022

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сын есім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.4.2.3 Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау



Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар сын есімді біледі, басқа сөз таптарынан ажырата алады.

Бағалау критериі

Білім алушылар сын есімді біледі, басқа сөз таптарынан ажырата алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында

беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны



Жаңа сабақ

қа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Кез келген тақырыпқа мәтін құрастырыңдар.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.


Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі

Сабақ

тың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.


1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіреді,

берілген жаттығуларды орындатды.


51-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды.

*Мәтін не туралы?

* Оқиғаның мәтін екенін дәлелдеді

* Мәтіннің түрін анықтайды.



* Мәтінде қарамен берілген сөздерге сұрақ қояды.



52-жаттығу.

Жұмбақты көркем жазады. Шешуін табады. Сын есімдердің аастын сызады.





Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Мәтінді оқиды



-Жұмабқты шешеді.


2-сынып оқулығы, жұмыс дәптері




2-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



53-жаттығу. Ребусты шешеді. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.



54- жаттығу. Жаңылтпашты қатесін түзеп көшіріп жазады. Сын есімдерді табады



Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

-Ребусты шешеді.



- Қатесіз көшіреді.


2-сынып оқулығы, жұмыс дәптері




3-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



55- жаттығу. Суретке қарап, сол бойынша қандай оқиға болғанын әңгімелейді.



Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Суретпен жұмыс




2-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Сабақ

тың соңы


Ой толға

ныс.


Рефлек

сия


7 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.






Сабақты талдау
1.Сөз таптырының бірі сын есім туралы толық түсінік беріп,білімдерін жетілдіріп,ой өрістерін кеңейтіп,сөздік қорларын дамыту.
2.Әр түрлі білім көздерін (оқулық , үлгілер, кестелер, оқытудың интерактивтік тақтаны) қолдана отырып, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу.

3.Берілген тапсырмалар ( 54 жаттығу) арқылы балаларды сауаттылыққа баулып,шапшаңдыққа,уақытты ұтымды пайдалануға үйрету.


4. Мәтіндермен ( 51 жаттығу) жұмыс жасай ,оқушылардың өз ойларын жүйелі қорытып айтуға ықпал жасау.

5. Сабақ жоспарында сабақтың барлық кезеңдері қамтылуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет