Босанудыѕ физиологиясы



Дата17.06.2023
өлшемі49 Kb.
#101942
Байланысты:
ЛекБосанудан-кейінгі-қалыпты-кезең

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы


ДӘРІС

Тақырыбы: «Босанудан кейінгі қалыпты кезең»


Пәні: Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі
Мамандығы: 0302000 мейірбике ісі
Курс: 4

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат


Құрастырған: Абдукасымова Э.А.
Шымкент, 2013


Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді

«___» ____ 2013 ж №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доц. м.а. ________________ Р.Т.Тлеужан

1. Тақырыбы: Босанудан кейінгі қалыпты кезең


2. Мақсаты: оқушыларды босанудан кейінгі кезеңнің ерекшеліктерімен, босанған әйел күтімімен оқушыларды таныстыру.
3. Дәріс тезистері
Дәріс жоспары:
1. Босанудан кейінгі кезеңнің қалыпты ағымы.
2. Босанудан кейінгі кезеңді жүргізу
Босанғаннан кейін немесе пуэрперальді кезең – жүктілік және босану кезеңдерінде өзгерістерге ұшыраған мүшелермен жүйелердің инволюциясы. Тек сүт бездерінің және гормональді жүйенің қызметі арта бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 6-8 апта. Босанғаннан кейінгі кезеңде бірден плацентарлы гормон төмендейді.Гипоталамо-гипофиз – аналық бездегі циклдік байланыстардың қалыптасу уақыты және етеккір қызметі әйел емшек бездерінің сүттенуімен байланысты.Босанғаннан кейін овуляторлы циклдің пайда болу аралығы – 49 күн (сәбиді емізбейтін әйелдерде); 112 күн (сәбиді емізетін әйелдерде).Емшек бездері сүтті болу үшін, эстроген, прогестерон, пролактин гормондарының әсері жеткілікті болу керек,содан кейін оның қызметін гипоталамо-гипофиз жүйесі реттейді.Ана қанында пролактин мен окситоциннің пайда болуы емшек ұштарының тітіркенуіне байланысты, сондықтан әйел босанғаннан кейінгі алғашқы сағатта сәбиге емшек ұшын сорғызады, емшек бездерінің сүтті болуына және жатырдың жиырылуына әсер етеді. Босанғаннан кейінгі кезеңде ішкі секреция бездерінің қызметі біртіндеп қалыптасады. Қалқанша безі 12 аптадан кейін бұрынғы қалпына келеді.Сонымен қатар, инсулин, глюкокортикоидтардың және минералокортикоидтардың синтезі өзгеріп, зат алмасу және әйел организмінің мүшелерімен жүйелеріне инволюциялық әсерін тигізеді.Жыныс мүшелері және сүт бездері Жатыр.Босанудың үшінші кезеңінің соңында жатыр едәуір жиырылып көлемі кішірейеді; оның деңгейі шаттан 15-16 см жоғары тұрады. Қабырғаларының қалыңдығы 4-5 см, көлденең өлшемі 12-13 см, қуыс ұзындығы 15-18 см, салмағы – 1000 г. Жатыр мойны ашық болады (қол саусақтары өтеді). Жатыр өте қимылды (жатыр байламдарының, жамбас түбінің созылып босауына байланысты). Бір аптадан кейін, инволюциялық өзгерістерге байланысты жатыр салмағы – 500 г, екінші аптада 350 – г, үшінші аптада -250 г, соңында -50 г тең (алғашқы қалпына келеді).Жатыр мойын иволюциясы – босанғаннан кейін, 10-12 сағаттан кейін ішкі мойын өзегі жиырылады, сыртқы мойын өзегі өзгермейді, бір тәуліктен кейін мойын өзегі тарылып, 10 тәулікте ішкі мойын өзегі жабылады.Сонымен жатыр мойны 13 аптаның соңында өз қалпына келеді.Жатырдың ішкі бетінің эпителизациясы 10 –тәуліктің соңында бітеді, ал плацентаның орны тек үшінші аптаның соңында жазылады. Жатыр қуысындағы децидуальді қабықшалардың және қанның қалдығы протеолитикалық ферменттердің әсерінен босанғаннан кейін 4-10 тәулікте сыпырылып шығады. Жатырдан ағатын бөлінділерді лохия (ақ кір) дейді, босанғаннан кейінгі күндерде әр түрлі; 2-3 күндері қанды лохиялар, 3-4 және аптаның соңына дейін – серозды лохиялар, 10- күннен бастап – ақ түсті (лейкоциттер аралас) лохиялар, сонымен 5-6 аптада жатырдан бөлінділер тоқтайды.Жатыр қосалқылары - алғашқы екі апта аралығында бұрынғы (жүктілікке дейінгі) қалпына келеді.Аналық бездер.Жүктіліктің соңына аналық бездерде пісіп жетілген фолликулаларды анықтауға болады.Бірақ овуляция процесі болмайды, себебі плоцентарлы комплекстің гормондары гипоталамо-гипофиздік жүйені тежейді, ал босанғаннан кейінгі кезеңде – сүт бездерінің функциясы әсер етеді.Қынап.Босанудың алғашқы аптасында қынаптың көлемі жиырылып, кішірейеді, оның қабырғаларының ісінуі, қызаруы жойылады.Босанғаннан кейін – үшінші аптаның соңына ғана жатыр байламдары өз қалпына келеді.Аралықтың бұлшық еттері 10-12 күндері өз күшіне енеді.Сүт бездері.Босанғаннан кейінгі кезеңде сүт бездерінің қызметі артады.Жүктілік кезінен бастап сүт бедерінде өзгерістер пайда болады; емшек ұшынан уыз шығады.Уызда белок, тұз, витаминдер, ферменттер анықталады.Босанғаннан кейін 2-3 күндері сүт пайда бола бастайды, сәби үшін ең қажетті қоректі тамақ сүт – ақ сұйықтық ,реакциясы сілтілік.Құрамы: су 87- 88%, белок – 1,5%, май 3,5- 4,5%, көмірсутегі – 6,5-7% , тұз 0,18-0,2 %.Сонымен қатар сүт құрамына витаминдер, ферменттер және антиденелер кіреді.Босанған әйелдің күй жағдайы. Қалыпты жағдайда босанған әйел ұйқышыл, шаршағыш келеді; дене қызуы 36,6°.Жатырдың жиырылуына байланысты ауыртпалы толғақ байқалады; әсіресе сәбиді емізген кезде.Зат алмасу бірінші аптада жоғарылайды, біртіндеп қалыпты жағдайға келеді. Жүрек –қан тамыр жүйесі Әйел босанғаннан кейін қан айналым көлемі (ҚАҚ) – 13,1% -ға плазма айналым көлемі (ПАК) – 13% -ға,эритроциттер айналым көлемі (ЭАК) – 13,6%-ға төмендейді.ҚАК және ПАК клетка сыртындағы сұықтықтың қан тамыр қуысына енунен ұлғаяды.Ал ЭАК және айналымдағы гемоглобиннің мөлшері босанғаннан кейінгі кезеңде төмен болып қалады.Жүректің жиырылу жиілігі бірден жоғары болады, бірінші аптаның соңында қалпына келеді.Босанғаннан кейіңгі 4 тәулікке дейін қан қысымы 5% ға жоғарылайды; тромбоциттер саны екі аптаға дейін жоғары болады, бірінші аптаның соңында қалпына келеді.Зәр шығару жүйесі Босану ағымына байланысты қуықтың гипотониясы байқалады, әйелден зәр шығару қиындайды, біртіндеп 2-3 күндері қалпына келеді.Бүйрек қалыпты жағдайда жұмыс істейді, тәуіктік зәр алғашқы күндері жоғары 2-5 күндері өз қалпына келеді.Асқазан мүшелері қалыпты жағдайда, ішек атониясына байланысты алғашқы күндері үлкен дәретке отыру қиындайды.Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу Бұл кезеңді жүргізудің мақсаты- ана мен сәбидің септикалық ауруларының алдын алу (асептика және антисептика ережелерін сақтау).Босану жолдарына емшек ұшына инфекцияның енуі қауіпті.Сәби организмінің физиологиялық ерекшеліктері Мезгілі жетіп туылған сәбидің салмағы 2500 г және одан артық, бойы 48 см одан жоғары, терісі қызғылт, теріасты майлары жетілген, тырнақтары бармағының шетінен шығып тұрады.Құлақ шеміршектері жетілген, шашының ұзындығы 2 см артық, кіндігі төс пен шаттың ортасында орналасқан.Ұлдардың жұмыртқасы дорбасында орналасқан, қыздарда кіші жыныс ернеуін үлкен жыныс ернеуі жауып тұрады, ему рефлексі жетілген.Жаңа туылған сәби бастапқы 2-3 күнде 3-10% салмағын жоғалтады, 6-7 күндерде қалпына келеді, 2-3 күнде сәбидің терісі сарғыштанады, бұл бір-екі аптаға созылуы мүмкін.Қалыпты жағдайда кейде сәбидің емшегі 3-4 күн ісініп мазасызданады, қыз жыныстыларда 3-7 күндері етеккірге сәйкес қызыл қан келіп, ол 1-2 күнде тыйылады.Кейде сәби денесінде қызыл дақтар (эритема) 1-5 күндері аралығында пайда болып, 2-3 күннен кейін тарайды.
4. Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слайдтар
5. Әдебиет
Негізгі Орыс тілінде:

  1. Акушерство: учебник + CD. Радзинский В.Е. – М., - 2008-904с.

  2. Практическое руководство к предмету «основы сестринского дела». Тарновская И.И., Мухина С.А. – М., 2009 – 512с

  3. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Дзигуа М.В.,-М., 2011.-528с.

Мемлекеттік тілде:

  1. Раисова А.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия және гинекология». – Алматы 2006

  2. КөзденоваР.С., Сейітмәмбетова Н.Қ оқулық «Гинекология» Алматы 2000

Қосымша
1. Акушерство. В.И. Дуда, О.Г. Дражина. – М., «Оникс 21 век», 2005
2. Акушерство: учебное пособие. В.И.Бодяжина. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2006
3. Акушерство и гинекология. Л.М. Смирнова, Р.А Саидова, Г. Брагинская. – М., 1999
4. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие В.Л Осипова. – М., 2009. 256с
5. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. И.К. Славянова. – Ростов-на Дону «Феникс»,2007.
6. В.Б. Цхай «Перинатальное акушерство» учебное пособие. . – Ростов-на Дону «Феникс»,2007.
7. ДДҰ бағдарламасы 2008ж. «Қауіпсіз босану».
6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс)

  1. Босанудан кейінгі кезеңнің ұзақтығы 2 Босанған әйел күтімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет