Сабақтың тақырыбы: Құстардың тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Пәні: биология Сыныбы: 7



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі2,33 Mb.
#14070
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0004bb4b-036dedbf

Сабақтың тақырыбы: Құстардың тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері.

  • Сабақтың тақырыбы: Құстардың тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері.
  • Пәні: биология Сыныбы: 7
  • Пән мұғалімі: Амирханова Назира Комекбаевна

Жаңа сабақ жоспары:

  • Жаңа сабақ жоспары:
  • 1.Қызығушылығын ояту (видео көрсетіледі)
  • 2.Мағынаны тану
  • 3.Топтық тапсырмалар
  • 4. Жұмбақ шешіп көрейік
  • 5. Сен білесің бе?

І.Ұйымдастыру:

  • І.Ұйымдастыру:
  • (сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру)
  • ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  • 1.Қызығушылығын ояту:
  • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құстар класы
  • Құстардың сыртқы құрылысын көк кептерді мысалға алып қарастырайық.
  • Жорғалаушылардың денесі сияқты бас, мойын, тұлға және аяқтар болып бөлінеді.
  • Тұмсығы екі бөлімнен тұрады: үстіңгісі- тұмсықүсті, астыңғысы-тұмсықасты.
  • Тұмсықүстінің түбінен танау тесігі ашылады. Бастың екі жағында дөңгелек көздері бар, көздің артқы қиығын ала, төмендеу, қауырсындармен көлегейленген құлақ тесігі жатады.
  • Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері өте аз.
  • Тек кейбір құстарда ғана қауырсындарын майлайтын құйымшақ безі болады.
  • Терінің қосалқы бөлімдеріне қауырсындар, тұмсықтарының мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршақтар жатады.
  • Ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі-қаламша. Мүйізді өзегі-сояуы. Оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістер-пәрі. Пәрі мұрттан және мұртшалардан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет