Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
Мектеп:Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп гимназиясы
Күні: 08.02.22ж
Мұғалімнің аты-жөні: Төлеугалиева Ж
Сынып:5в
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес):
5.4.2.2 - тірі ағзаларды ұйымдасу деңгейлерін сипаттау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар : тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін сипаттайды.
Оқушылардың басым бөлігі: тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейін салыстырады.
Кейбір оқушылар: Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Бағалау критерийі
-Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтайды.
-Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін ажырата біледі.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурс-тар
Сабақтың басы
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу:
тренинг «Көршімнің портреті»
Табиғаттағы айналымдарға байланысты 3 топқа бөлінеді
1топ. Су айналымы 2топ. Ауа айналымы 3топ. Зат айналымы
Заттар-дың қасиеті-не қатысты әр түрлі суреттер
Сабақтың ортасы
Тапсырма №1 : Мәтінмен жұмыс «Ой шақыру» әдісі.
Жер бетіндегі үлкен тіршілік топтарын бір патшалыққа біріктірген.
Төрт жанды табиғат патшалығы бар: Бактериалар
Саңырауқұлақтар
Жануарлар
Өсімдіктер
Жер ғаламшарында жанды табиғат күрделі құрылған. Олар біртұтас, бір-бірімен байланысты бөліктерден - жасушалар, организмдер, түр, табиғи қауымдастықтар, экожүйелерден тұрады.
Барлық тірі организм – жасушадан тұрады.
Жасуша – жеке организм де, көпжасушалы өсімдік немесе жануар организмі де бола алады.
Жасуша – тіршіліктің ең кіші бірлігі. Олар тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді.
Организм – жеке өмір сүре алатын, тұтас, өзін-өзі реттейтін жүйе.
Түр – бұл құрылысы, өмір сүруі ұқсас, шағылысу арқылы өсімтал ұрпақ әкелетін және белгілі бір жерді мекендейтін тіршілік жиынтығы.
Популяция – белгілі бір жерлерде ұзақ уақыт мекендейтін бір түрдің жиынтығы.
Бір жерде бірлесіп мекендейтін және бір-бірімен тығыз байланыста болатын өсімдік, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер қауымдастығын - биоценоз деп атайды.