Сабақтың тақырыбы: Видеожазба Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата03.12.2023
өлшемі71 Kb.
#134058
түріСабақ


Қысқа мерзімді жоспары

Мектеп:

«Сам жалпы білім беретін мектеп» КММ

Бөлім:

Видео жасау

Педагогтың аты-жөні:

Ерболұлы Жандос

Күні:

14.12.2023

Сынып: 4

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Видеожазба

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.2.4.1.Бейнеклиптерді жасау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Видеожазба”ұғымына анықтама береді

Көптеген оқушылар:

VideoPad pедакторды іске қосады

Кейбір оқушылар:

VideoPad pедакторында видеожазбаны ашып,өңдейді.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезені/ уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындаған көзбен шолу

«Конверт» әдісі


-«Видеожазба» ұғымына таныс па?
-Видеожазбаларды тамашалап көрдіңбе?

1.Мұғаліммен амандасады

2.Берілген сұрақтарға жауап береді?







Конверт


Сабақтың ортасы

Жана тақырыпты түсіндіру

Сендер күнделікті теледидардан, компьютерден, ұялы телефондардан балаларға арналған түрлі видеожазбаларды көріп, тамашалап жүрсіңдер. Мұндай видеожазбалар компьютерлік программалардың көмегімен өңделіп жазылады. Видеожазба- видео және аудио ақпаратты жазу. Мысалы, видеокамера, ұялы телефондармен видео түсіріп, оны арнайы программалардың көмегімен компьютерде өңдей аламыз. Біз бүгін VideoPad редакторымен танысамыз. Бұл редактор видеожазбалар түсіруге, түсірілген видеожазбаларды сапалы түрде өңдеуге, аудио жазуға, сақтауға арналған. Сонымен қатар фотосуреттерді де өңдеуге, оларды пайдаланып, видеожазбалар жасауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды Интернет желісінен тегін жүктеуге болады.


Көрсетілім.
Редакторды қосу үшін жұмыс үстеліндегі VideoPad редакторының белгішесін тінтуірмен екі рет шерту қажет. VideoPad редакторында файлдарды жүктеу ұшін Құралдар тақтасынан Файлды кірістіру батырмасын басамыз. Ашылған терезеден қажет файлды таңдап, Ашу батырмасын шертеміз. Жүктелген файлды белгілеп, видеожазба жолына орналастырамыз. Видеожазбаны алдын ала қосып көру үшін Ойнату батырмасын басамыз.

1-тапсырма. Оқулық, 71-бет, «Компьютерде орйындайық» тапсырмасы. Дескриптор: - VideoPad редакторды іске қосады; -Интернеттен табиғат туралы видеожазба жүктейді; - VideoPad редакторында видеожазбаны ашып, өңдейді; -жасалған видеожазбаны бумада сақтайды

ҚБ: «Жұлдыз» әдісі

2-тапсырма. «Талдап, салыстыр» әдісі Өңделген видеожазба мен өңделмеген видеожазбаларды салыстырып, ойыңды айт. Дескриптор: -өңделген видеожазба мен өңделмеген видеожазбаларды салыстарады; -өз пікірін айтады.

ҚБ: «Жұлдыз» әдісі



Мұғалімді тыңдайды

Командалармен танысады

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды










Интербелсенді тақта/компьютер

Оқулық Интернет желісі



Сабақты
соңы



1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз» әдісі Бүгінгі өткен сабақты бағала. Қажетті сөздер: Ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.



Плакат слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет