Сабақтың тәрбиелік функциясы
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Тәрбие дегеніміз- халықтың ғасырлар бойы жинақтаған , іріктеп алған озық дәстүрлерін келешек ұрпаққа сіңіру. Тәрбие- бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үдеріс.
Жаратылыстану пәндерінің сабақта тәрбие беруде маңызы мен рөлі жоғары. Білім алушылардың рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап-тілегін оятады. Сабақта ойын элементтерін қолдану тәрбие функциясының негізі саласы болып саналады.Мысалы биология сабағында «жемістер» тақырыбында олардың түрлері бойынша қандай өсімдіктер жататын анықтауда немесе химия пәнінде заттардың химиялық қасиеттерін өрнектейтін реакция теңдеулерін жазуда « Домино» ойынын қолданамын. Рольдік ойындар биология, химия пәндері бойынша өте тиімді. Мәселен «Синтектикалық каучук», «Бір атомды қаныққан спирттер», биологияда «Экология салалары» сияқты сабақтарда берері мол.Көрнекті Нидерландық оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде
« Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы ,ойын — өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз- ең әуелі ойнайтын адам» деген екен.Мысалы «Жүрек, қантамырлар жүйесі» тақырыбында рольдік ойындарды пайдаландым. Нәтижесі — салауатты өмір салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ойын арқылы обілім алушы нені меңгереді?
Білім алушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді
Білім алушылар тек бақылаушы ғана емес өздері қатыса отырып, қиын мәселерді шешуге үйренеді.
Білім алушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдануға мүмкіндік алады..
Шешім қабылдауда аса жауапкершілікке үйренеді.
Уақытты үнемдеуге үйренеді.
Тәрбиенің келесі функциясының бірі- халықтық педагогика. Халық педагогикасын сабағымызда пайдалану- жас ұрпақты еңбекке үйрету, өнер- білімге баулу.Отбасын, Отанын, ел-жұртын қорғауға тәрбиелеу. Халық педагогикасының бір саласы – мақал-мәтел. Мақал-мәтел — бабаларымыздың ғасырлар заманалар бойы жинаған даналығының інжу- маржаны.
Достарыңызбен бөлісу: |