Сабақтың түрі : аралас Сабақтың тақырыбы: Қыз балалар тік белдемешесінің конструкциялық сызбасы. Сабақтың мақсаты



Дата19.04.2022
өлшемі152,8 Kb.
#31506
түріСабақ

Ф-Е-10/5.1

21 cабақ жоспары



Пәні: Киімді құрастыру.

Тобы:

Тг-19-2А













Күні:

17.03.2020













Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың тақырыбы: Қыз балалар тік белдемешесінің конструкциялық сызбасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қыз балалар белдемешесінің конструкциялық сызбасы

белдемше сызбасын құрастыру жайында білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тереңдету, белдікті киімдер конструкциялық сызбасын сызу қабілеттілігін, теориялық алған білімдерін сарамандық жұмыспен дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шеберлікке, жұмысты өз бетінше орындауға тәрбиелеу. 

Пәнаралық байланыс: Тігін бұйымдарына арналған материалдар, тігін өндірісінің технологиясы, сызу.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі: Никитина Е. Киімді конструкциялау.

Қосымша: Л. П. Шершнева . Әйел және бала киімін конструкциялаудың негіздері.
Сабақтың барысы мен мазмұны:



Сабақтың кезеңдері

Мазмұны

Әдіс-тәсілдері

Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сырт келбетіне, кабинетке назар аудару, оқушылар зейінін сабаққа аудару.

3 мин

ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру. Тақырыптың мақсатын баяндап, теориядан алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру арқылы сабақ мазмұнын ашу.

2 мин

III. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау

1. Балалар өлшемін алу, формула бойынша есептеу.

2. Берілген өлшем бойынша есебін шығару.

3. Қыз балаларға арналған иықты бұйымның негізгі сызбасын тұрғызуға қажетті өлшемдер


Сұрақ-жауап.

Сурет № 9

15 мин

  1. Оқушылардың білімдерін бағалау Тақырыпқа дайындығына байланысты бағалау

3 мин

  1. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу (тақтада және дәптерде)

2 мин

VI Жаңа материалды түсіндіру:

1.Кыз балалар белдемшесіне қажетті өлшемлер.

2.қыз балалар бел бұйымдарының өлшемдерін алу.

3.қыз балалар қиықты белдемше

сінің есебі.

4. Қиықты белдемшенің қосымшалары.

5. қыз балалар қиықты белдемшесінің сызбасы.



Түсіндіру, көрсету.

Сызбалар № 5 Таратпа материалдар.

  • Нұсқаулық карта;

  • Калькулятор;

  • Плакат;

  • Қалам;

Сызғыш


40 мин

VII. Жаңа материалды бекіту

1. қыз балалар белдемшелерінің түрлері мен танысады.

2. қыз балалар қиықты белдемшесінің алдын-ала берілген формуласы арқылы есебін шығару.



2.Әр оқушы өзінің өлшем алу қосымшаларды белгіленуі.

3. Конструкциялық есептеулер жүргізу.



4. Сызбаны тұрғызу және сызу.

Сұрақ- жауап

Таратпа материалдар Манекен, Сән журналдары. Базалық сызба №1


20 мин

VIII. Сабақты қорытындылау

Сабақтың артықшылықтарымен кемшіліктерін айқындап қорытындылау.

3 мин

ІХ. Үйге тапсырма беру: Л.П Шершнева Әйел жіне бала киімдерін конструкциялау негіздері. 58-60 беттер

2 мин




Оқытушы: Толқынбаева Н.С.

Пәні: Киімді құрастыру.

Тақырыбы: Кішкентай қыз белдемешесінің конструкциялық есебі,сызбасы.

Белдемшелер түрпішініне қарай әр түрлі болады: қатаң кіші көлемді түрпішін; жайлы көлемді түрпішін; қиялды. Олар үш сұлбалы сызықтармен шектелген;

а) бел сызығы;

б) етек сызығы;

в) бүйір сызықтары.

Сұлбаға байланысты белдемшелер тік және коус тәрізді, тепе-теңдікке қарай қысқа, ұзын, бел сызығы көтерілген, орташа немесе төмендетілген болып шығарылады. Әдеттегі пішімді белдемше беті белдемшені алдыңғы және артқы бөліктерге бөліп тұратын екі немесе үш ұзындық сызықтарымен бөлінеді.

Артқы бөлігі көбінесе ортасында тігісі бар өзара симетриялы екі бөліктен тұрады. Белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктерінде бел сызығына қарай бүкпелер жүргізіледі. Бүкпелердің саны, олардың ұзындығы мен түр пішіні адам денесінің құрылысына байланысты әр түрлі болады.




Өлшемдік ерекшеліктерінің аталуы

Шартты белгілері

Мөлшері, см.

1

2

3

4

1

Белдің жартылай айналымы

Ст

38

2

Бөксенің жартылай айналымы

Сб

52

3

Бел сызығынан еденге дейінгі жанынан арақашықтығы

Дсб

106,1

4

Бел сызығынан тізеге дейінгі арақашықтық

Дтк




5

Бел сызығынан еденге дейінгі алдыңғы арақашықтығы

Дсп

104,2

6

Бұйымның ұзындығы

Ди

60



Тапсырма: Тік белдемшенің конструкциялық сызбасы сызу мен есебі шығару

1.Тік белдемше





Тік белдемше негізінің сызбасын конструкциялау үшін әйелдер тұлғасының өлшемдерін білу қажет:

ЖАбел,ЖАб, Ұб, Бб.

Тік белдемше негізінің сызбасын құру үшін конструкциялау қосымшалары мөлшері қарастырылады: жартылай бел айналымына Қбел =0,5-1,5 см, жартылай мықын айналымына Қмық=1,0-4,0 см.

Ең алдымен, базистік тор құрады. Базистік тордың өлшемі белдемшенің алдыңғы ортасынан және артқы орта сызығына дейінгі бетінің олшеміне сәйкес болып келеді.

Т нүктесінің ұшынан бұрыш сызады. Ұзындық сызықта белдемшенің ұзындығы мен технологиялық өңдеуіне берілген қосымшаны шегереді. ТН – Ұбм + Қ тө.

Мықын сызығының орнын Бмық. – мықтың биіктігі өлшемін қолданып айқындайды, ТБ =Бб(бұл мөлшер қалыпты емес, өйткені ол әйелдер тұлғасының тепе-теңдік пен дене құрылысына байланысты). Базистік тордын ені жартылай мыкын айналымы еркін қонымдылығына берілген ТТ1 =ЖАмық. + Қм.қ.қажетті минемалды қосымшадан тұрады. Сонымен, тік бұрышты құрастырғаннан кейін белдемшенің артқы және алдыңғы бөліктерінің енін дұрыс есептеу қажет. Әдетте, мұндай есеп өте қарапайым болады. ТТ2 =ЖАмық + Қм.қ. /2-2 см, мұндағы 2 см тұлғаға байланысты. Бұл есепті қолдана отырып, артқы бөліктің учаскесі ТТ2алдыңғы бөліктің Т2Т1учаскесін, әйелдер тұлғасының ерекшеліктеріне байланысты кіші болады. Тік белдемше тұлғаның бел тұсында тығыз қонымды болуға тиіс, бірақ технологиялық өңдеуге берілген қосымша белдемшенің бел сызығындағы енінің есебінде болғаны, белдемшеніңбел сызығындағы енінің есебінде блғаны, белдемшенің үстіңгі қиығымен белдіктің бірігуінде қонып кетеді. Бел бүкпелерінің енін есептеу үшін белдемшенің бел тұсындағы ені мен мықын деңгейдегі өлшемінің айырмасын анықтап алу қажет.

(ЖАмық + Қм.қ.)-(Жбел + Қт.ө.).

Есептелген айырмашылығын қақ бөледі, өйткені белдемше екі бөліктен тұрады. Белдемшенің артқы бөлігінің бел бүкпелерінің ені бел тұсындағы арқаның майысуына байланысты көбірек болады. Бүйір бүкпелерінің ені қалған айырма санына байланысты есептелінеді.

Мысала:ЖАбел=36,ЖАмық=53

(ЖАмық. + 2) - (ЖАбел + 1) = 55 - 37 = 18, мұндағы 18- айырмасы.

18/2=9, мұндағы 9=5+4.

5 см –артқы бөлігіндегі бел бүкпесінің ені.

4 см – алдыңғы бөлігіндегі бел бүкпесінің ені.

Бүйір бүкпесін анықтау үшін айырмадан қалған санды қолданамыз, 18 – 9=9. Тексеру: 55-5-4-9=37 см.

Бел бүкпелерінің орналасуын адам тұлғасына байланысты таңдайды. Ереже бойынша, артқы және алдыңғы бөліктердің бүкпелер орнын ББ3 және Б1Б4 кестелері анықтайды.

ББ3=0,4 х ББ2, Б1Б4 = 0,4 х Б1 Б27.

Бүкпелер ұзындығы артқы – 15,0 – 17,0 см, алдыңғы – 10,0 – 12,0 см, бүйір – 17,0 – 20,0 см, мықын биіктігіне байланысты. Бүкпелерді әзірлеу: бүйір бүкпесін бір қалыпты сызықпен мықын жағына қарай айналдырып сызады, ал артқы және алдыңғы бүкпелерін тік сызықпен көсетеді.

Белдемшелердің анықталған сұлбасы мен түрпішінін жасау үшін (тар, етегіне қарай сәл кеңейтілген) декорациялық – конуструкциялық қосымшалар қолданады. Н2 Н2 1= Н2 Н2 11, қосымшалардың мөлшерінің аса маңызы жоқ, олар 1,5 см-ден 2,0 см-ге дейін өзгереді.
Тік белдемше конструкциялық сызбасы.

  1. Бел мен бөксеге берілетін қосымшалар.

  2. Тік белдемше құрастыруға қажетті есептер.

  3. Тік белдемше конструкциялық сызбасы.

Белдік бұйымдарды құрастыру үшін негізгі өлшемдер: Ст, Сб, Ди. Кеңдікке қосымшалар бел Пт және Пб бөксеге береді.

Бел мен бөксеге берілетін қосымшалар.



Бұйым

Ескертулер

Қатты қыналған

қыналған

орташа

кең

Пт

Пб

Пт

Пб

Пт

Пб

Пт

Пб

Юбка

Шалбар


0

0


0-0,5

0-0,5


0,5-0,7

0,5-0,7


0,7-1

0,7-1


1

1,5-1


1,5-2

1,5-2,5


1-ден жоғары

1,5-нан жоғары



2-ден жоғары

2-ден жоғары


Тік белдемшені құрастыру.

Ст – 38 Пт – 0,7

Сб – 52 Пб – 1

Ди – 60

ТН↓

ТБ↓






В

Вбөк



Взад

Вбер






Ди – 60 см

18 – 20 см

Сб + Пб = 52 + 1 = 53

(Сб + Пб) - = 53 – 25,5 = 27,5

Ескерту: дене бітіміне қарай алдыңғы бөлік пен артқы бөлік бірдей болуы мүмкін немесе артқы бөлік алдыңғы бөліктен ені қысқа болуы мүмкін.

(Сб+Пб) – (Ст+Пт) = 53 – 38,7 = 14,3



В

В = = 2,4


бөк = = 3,55
Белдік қынамаларды ; нүктелерінің ортасында орналастырады артқы қынама бөксе сызығына дейін 3-4 см жетпейді (ұзындығы 13-14 см). Алдыңғы қымтыманың ұзындығы бөксе сызығына дейін 6 см жетпейді (10-12 см). Жан қиықтарын 1-1,5 см көтереміз. Қынама соңдарын 0,5. Юбка етегі 1-1,5 см кеңейтілген немесе 1,5 см кішірейтілген болуы мүмкін.


Қортындылау: Сызба өлшемін анықтау, сызбасын тұрғызу.
Үй тапсырмасы: Бедемшенің есебін алу.


Арнайы пән оқытушысы: Толқынбаева Н.С.

Кері байланыс: nursulu81.22@mail.ru whatsaap: +77023907733


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет