Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: суреттер



Дата28.04.2023
өлшемі20,62 Kb.
#87860
түріСабақ
Байланысты:
Каз спортшылары Давлетова Ш


Ақтөбе облысы, Алға қаласы,
«Алға мектеп - бақша» ММ
Давлетова Шолпан Избасхановна
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан спортшылары.
Сабақтың мақсаты: Спорт тақырыбын жалғастыру. Оқушыларды Қазақстан спортшыларымен таныстыру. Оқылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға, олимпиада жеңімпаздарын мақтан тұтуға үндеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:


І. Себепті кезең.
* Оқушылармен сәлемдесу.
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІ. Әрекетті кезең.
Жаңа сабақ
Тыңдалым.«Чемпиондар әні» (бейнебаян)
- Балалар, немен таныс болдыңдар?
- Бұл - әнді естідіңдер ме?
Бүгінгі сабағымыз Лондон олимпиадасына қатысқан Қазақстандық спортшылар туралы болмақ.
- Балалар, енді спорт туралы білетін ойларымызды ортаға салайықшы
«Кластерлеу»әдісі
Спорт түрлері

ат спорты, күрес, жүзу, баскетбол, жүгіру, волейбол
Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда қатысқан спортшылар туралы не білеміз? Қысқаша мәліметтер: Серік Сәпиев, Ақжүрек Таңатаров, Әділбек Ниязымбетов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дидчко, Марина Вольнова Мұғалім: - Сонымен қатар өзіміздің әлемге әйгілі тарихта қалған қазақ палуаны Қажымұқан туралы айтпасқа болмас
Байрам: қысқаша мәлімет береді

Оқылым
Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда өтті. Қазақстаннан 116 спортшы спорттың 25 түрінен қатысты.


Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 12 - ші орыннан көрінді. Барлығы 13 медаль алды. Оның жетеуі алтын, біреуі күміс, бесеуі қола медаль.
Лондон Олимпиада жүлдегерлері:
Алтын медаль: Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Мая Манеза,
Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова.
Күміс медаль: Әділбек Ниязымбетов.
Қола медаль: Ақжүрек Таңатаров, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дидчко, Марина Вольнова
• Мәтінді мұқият тыңдау, оқу.
• Аудару.
• Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.

Сөйлем.

Дұрыс

Бұрыс

Лондон олимпиадасы 2012 жылы өтті.

*




Қазақстандықтар 5 алтын медаль алды.




*

Жалпы есеп бойынша 12 орыннан көрінді.

*




Қазақстандықтар спорттың 17 түрінен қатысты.




*

Александр Винокуров бокстан алтын алды.




*

Серік Сәпиев бокстан күміс медаль алды.




*

Мен Қазақстан спортшыларын білемін.

*




Сергіту сәті


Секіреміз топ - топ,
Шапалақтап көп - көп.
Иілеміз оңға бір, екі, үш,
Иілеміз солға бір, екі, үш
Жұп жазбастан жүреміз
Біздің сынып өнерлі
Өйткені біз сүйеміз
Дене шынықтыру мен спортты

Айтылым.
Спорттың түрлерін атау.


Жазғы спорт түрлері:---------------- Қысқы спорт түрлері:
• 1. Велоспорт ------------------------ 1. Биатлон
• 2. Ат спорты ------------------------- 2. Тау шаңғысы спорты
• 3. Жеңіл атлетика ------------------ 3. Шаңғы жарыстары
• 4. Гольф ------------------------------- 4. Мәнерлеп сырғанау
• 5. Теннис ------------------------------ 5. Фристайл
• 6. Футбол ------------------------------ 6. Хоккей
• 7. Суда жүзу -------------------------- 7. Шорт - трек т. с. с.

Мұғалім: Шынықсаң шымыр боласың


Спортты серік ете біл,
Сауығып айдай толасың.
Салауатты сен боласың!

Нұрберген: Спортты дос көрмеу,


Тән бұл тек жалқауға,
Қол сілтеп дес бермеу
Болбырға бос белбеу

Гүлшад: Денсаулық - ол шыныққан


Денсаулық - ол тыныққан
Барлық денең мүшесі.
Жүйке тамыр жүйесі

Еркебұлан: Денсаулық - ол күлуің


Денсаулық ол - жүруің
Көңіл - күйің жадырай.
Ешбір жерің ауырмай

Дана: Ұрпақ керек ертеңгі


Дені таза, тәні таза,
Болашақты болжайтын!
Елін, жерін қорғайтын.

Байрам: Мәдениет өркендеп,


Қазақтың сымбатты
Табиғат көркейіп,
Ұл - қызы көбейсін!
- Олай болса, біздің сыныбымыздың оқушылары да спорт мектебінде түрлі секцияларына қатысып еліміздің белгілі чемпиондары болатына сенім артамыз Олар: Алихан, Байрам, Диас, Темирлан, Ислам, Жанболат, Мират, Еркебұлан

«Суреттер сөйлейді»


Спорт бұйымдары туралы жұмбақтар шешу
1. Мінсем,
Төмеңге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем.(Шана)
2. Тепсең - ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады.(Доп)
3. Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым.(Коньки)
4. Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға зулайды
Шойын жолдан аумайды.(Шаңғы)
5. Темір тайым,
Тамақты еш жоқтамайды.(Велосипед)

Қорытынды: Елiмiздегi спорт саласы Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Тiптi, Президент өзі үлгі бола отырып, халықты, әсіресе жастарды денешынықтырумен шұғылдануға үнемі шақырады. Нәтижесінде бүгінде республика халқының 22 пайызы салауатты өмір салтын серік етедi. 2020 жылға дейін аталған көрсеткіші 30 пайызға жетуі тиіс. Елбасының тапсырмасы бұл. Лайым солай болғай!«Салауатты өмір салтын»жандарыңа жан серік етіңдер Қазақстан лапылдаған алауың


Орындалсын арман үміт қалауың
Үстем болып әрқашанда мәртебең
Тек биікте желбіресін жалауың
Ән «Желбіріген көк туым»хор
Жазылым.
Үй тапсырмасы:«Менің сүйікті спортшым».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет