Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы



Дата16.10.2023
өлшемі20,34 Kb.
#115918
Байланысты:
Мақала (мотивация)Амангелдіқызы Лаура


Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы 
Шығыс Қазақстан Университеті
«Психология және педагогикалық коррекция»
кафедрасының сениор-лекторы, магистрі Матаева Б.Ү.
Қолданбалы физика”мамандығының

  1. курс студенті Амангелдіқызы Л.


Мотивацияның негізгі түрлері”


Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға алға қарай ұмтылуға, талпынуға көмектесетін, қазіргі заман мәдениетінде кең қолданылатын ұғым.ылуға, талпынуға көмектесетін, қазіргі заман мәдениетінде кең қолданылатын ұғым.
Мотивация – мінез-құлық пен іс-әрекеттің ішкі детерминациясы, адамды қоршаған ортамен, сыртқы тітіркендіргіштермен негізделген болуы мүмкін. Сыртқы орта адамға физикалық әсер етсе, сол кезде мотивация сыртқы әсерді ішкі ниеттендіру өзгертетін психикалық процесс болып табыладыМотивация ұғымы – адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс – тұрыс «Адам нені қалайды? Ол неге ұмтылады?» сұрақтарына жауап береді. Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс – тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы болып табылады. Адам өзінің тіршілік етуі , дамуы және жетілдіруі үшін өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әртүрлі болады. Қазіргі кезде қажеттіліктің материалдық (тамақ, киім, тұрғын үй, жылылық т.б.) және рухани ( қоғамдық өмірге, еңбекке, қарым – қатынасқа, білім алуға, творчество т.б.) түрлерін бөліп шығарады. Мұндағы қажеттіліктердің кез келген жіктелуі де шартты болады. Қажеттіліктер – адамның барлық психологиялық іс – әрекеті, оның ақыл – ойы, сезімі, еркі құрылатын ең басты негіз болып табылады
Мотивация терминін алғашқы рет өз мақаласында қолданған Шопенгауэр болды.Қазіргі таңда бұл термин әртүрлі ғалымдармен өзгеше түсіндіріледі.Мысалы;мотивация Вилюнас түсінігі бойынша итермелеу мен іс-әрекетті қамтамасыз ететін процесстердің тұтас жүйесі.Ал,К.К.Платоновтың айтуынша ол мотивтердің жиынтығынпн тұратын психикалық құбылыс.


Мотивацияның түрлері:
Мотивацияның негізгі екі түрі бар олар:сыртқы және ішкі мотивация.
Сыртқы мотивация- Мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қозады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы дүниелердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншалық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болуы ықтимал.
Ішкі мотивация- бұл адам өзін қандай да бір сыйақы алады деп емес, іс-әрекеттің өзі жағымды болатындығынан өзін белгілі бір тәртіппен сезінетін күй. Яғни, бұл сыртқы емес, ішкі мотивацияның бір түрі. Ішкі мотивация сыртқы мотивацияға қарағанда әлдеқайда кеш зерттеле бастады. Көбіне, бұған бихевиорист сияқты ағымдар психикалық құбылыстарды зерттеудің мәні жоқ, ал психология тек бақыланатын мінез-құлыққа бағытталуы керек деп сенгендіктен. Алайда 1970-ші жылдардан бастап ішкі мотивация академиялық деңгейде үлкен маңызға ие болды.
Мотивацияның психологиялық теориялары.Мотивацияның алғашқы психологиялық теориялары 17-18ғ пайдаболған.
-Шешім қабылдау теориясы- шешім кабылдау теориясы (теория адамнын мінез-құлқын түсіндіруде математикалык білімді к
қолданумен байланысты, ол экономикада адамның таңдау проблемалары қарастырылды, кейінірек бұл теорияның ережелері адамның іс-әрекетін түсінуге көшті)
-Автоматика теориясы-(механика жетістіктерінің арқасында пайда болған теория, бул теорияның орталық мәні рефлекс туралы ілім, ал рефлекс - тірі ағзаның сыртқы әсерлерге автоматты, туа біткен
реакциясы).
-Эвалюциялық теория-адамдар мен жануарлар арасындағы айырмашылықтарды түбегейлі шешіп,азайтуға тырысты.
-Өріс теориясы-мотивацияның ситуациялық көрінісін қарастырды.

Адам ішкі және сыртқы күштердің қысымымен айқын әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл мотивация деген күштер жиынтығы әр адамда бірдей реакция шақырмайды. Сондықтан мотивацияны бір мағыналы сөзбен айту мүмкін емес. Бірақ эмпиризмдік зерттеулердің негізінде мотивацияға әсер ететін факторларды суреттейтін бірнеше концепция өңделген болатын. Негізінен мотивация теориялары қажеттіліктердің әр түрлі топтарының адамның мінез-құлығына ықпал етуіне аса қатты көңіл бөлген.




Қолданылған әдебиеттер:

  1.  «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998ж.

  2. Немов Р.С. Психология-М.Владос,1995 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет