Пән аралық байланыс: « Тіс техникалық материалтану», «Денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру негіздері және стоматологиялық аурулар » , «Алынатын протез жасау техникасы» , «Тіс пен жақ сүйек жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және биомеханикасы», «Кәсіптік этика және деонтология».
Сабақтың көрнекілігі: Проектор, ноутбук, науқасты қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар жиынтығы, тесттер, слайд, іс әрекет жинағы, ұялы телефондар, үлестірмелі материалдар, видеоролик, сұрақ –жауап, пазл-суреттер,
Сабақтың мақсаты:
Студенттің жеке тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, студенттерге практикалық іс әрекеттерді түсіндіріп, жасап көрсетіп үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттердің өздерінің таңдаған мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, кәсіби мамандықты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Студенттердің ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын , есте сақтау қабылетін дамыту. Іс әрекеттерді тереңдей ашып, шапшан ойлануға, ұтымды жауап беруге баулу.
Сабақтың хронокартасы:
1. Ұйымдастыру кезеңі- 5 мин
2. Іс әрекеттерді түсіндіру-65 мин
3. Өз бетімен жұмыс-90 мин
4. Білімді тексеру-70мин
5. Қорытындылау:- 10 мин
Бағалау-5 мин
Үйге тапсырма- 2 мин
Рефлексия-3 мин
1. Ұйымдастыру кезеңі-5 мин
Студенттермен амандасып, студент санын , сабаққа қатысуын тексеру. Сыртқы келбетіне назар аудару.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру. -60 мин
Тіс протездеудің бірінші клиникалық кезең:«Қалып алу» және бірінші зертханалық кезең: «Мүсін құю»тақырыбы бойынша слайд , суреттер, видео , іс әрекетті көрсетіп сабақты түсіндіру.
1) «Адасқан әріптер» -адасқан әріптерден стоматологиялық термин құрастырып анықтама беру керек.
2) « Стоматология аспаптар әлемі» -үстел бетіне стоматологиялық аспаптар қойылады. Студенттер берілген стоматологиялық аспаптар жиынтығын жинайды. Латоққа салған аспаптын атын атап, сипаттама береді.
3) «Puzzle»-ды құрастыру- тақтаға стоматологиялық аурулар бөлшектеліп беріледі. Студенттер құрастырып сипаттама береді.
4) «Kahoot» программасы арқылы тест сұрақтар беріледі. Студенттер смартфонын қолдана отырып жауаптарын белгілеп беру қажет.