Саламатсыздарма құрметті ұстаздар (мен оқушылыр)! Мен Тараз қаласы №3 мектеп-лицейінің 9А сынып білім алушысы Балтабаев Мирас Ержанұлымын



бет1/2
Дата05.06.2023
өлшемі177,73 Kb.
#98955
түріҚұрамы
  1   2

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар (мен оқушылыр)!
Мен Тараз қаласы №3 мектеп-лицейінің 9А сынып білім алушысы Балтабаев Мирас Ержанұлымын.
Бүгінгі ғылыми жобамның тақырыбы:
Тағам өнімдері құрамындағы кейбір химиялық компоненттерді оптикалық әдістермен анықтау
Жұмыстың өзектілігі. Тағамдарды зерттеу әдістерімен таныстыру, тамақ өндірісінің сапасы мен шикізаттың құрамы, тиімділігі өндірістік процестер, экологиялық қауіпсіздік, сәйкестіктігі өндірілген өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкес болуы, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі өте маңызды.
Зерттеу жұмысында аналитикалық химиядағы танымал әдістерінің бірі фотоэлектроколориметрия қолданылды.
Жұмыстың мақсаты. Фотоэлектроколириметриялық әдісті қолдана отырып әртүрлі тағам өнімдерінің химиялық құрамы мен компоненттерін анықтай отырып, олардың адам ағзасына әсерін анықтау, оларды салыстыру.
Жұмыстың міндеттері:
- фотоэлектроколориметриялық әдістің теориясын игеру;
- бір қатар тағам өнімдерінің сапасын компоненттік құрамды фотоэлектроколориметриялық әдісті қолдану арқылы талдау;


Енді мен 1-інші жұмысыма келетін болсам:
Спектрофотометриялық жолмен астықтағы, ұндағы және ұн өнімдеріндегі крахмалды йодты крахмал реакциясы арқылы анықтау
Фотоэлектроколориметрия дегеніміз – фотометрия тәсілінің бір түрі, инструментальды оптикалық талдау. Бұл тәсіл жарықтың жұтылуын, оптикалық тығыздықты, ерітіндінің реакция жылдамдығын өлшейді.
Жұмыстың негізгі кезеңдері:
1. Әртүрлі текті крахмалдарды анықтау үшін йодид крахмал реакциясын зерттеу
2. Крахмал ерітіндісінің әртүрлі концентрацияларында түс тұрақтылығын зерттеу
3. pН, йод ерітіндісінің концентрациясы және көлемінің крахмал йод реакциясы өнімінің түсіне әсерін зерттеу
4. Крахмалдың әртүрлі мөлшерін анықтау нәтижелерінің дұрыстығы мен қайталану мүмкіндігін бағалау
5. Әртүрлі көлемдегі йод ерітіндісін қосқаннан кейін крахмал ерітінділерінің оптикалық тығыздығын салыстыру.
6. (15-30°С) диапазондағы крахмал мен йод арасында реакция өнімінің оптикалық тығыздығының температураға тәуелділігін зерттеу.
Осы кезендер бойынша стандартты ерітінді мен талданатын өнімдердің ерітінділері дайындалды. Оптикалық тығыздықты анықтау үшін светофильтр таңдалды. Светофильлтр КФК-3 құрылғысында таңдалды.
Светофильтрлерді таңдау:
λ = 350нм, D = 0,195
λ = 400 нм, D = 0,262


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет