Салауатты өмір салты дегеніміз не?



Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#21953
Байланысты:
Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  • Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын байқауға болады.

Қимыл белсенділігі мен организмді шынықтыру.

  • Қимыл белсенділігі салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Дұрыс тамақтану.

  • Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Қандай ереже ұстану керек?

1. Өлшемділік ережесі. Адам күніне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбір қабылдау барысында астың мөлшері 2 алақанды қосқандағы уыс көлеміне тең болуы тиіс. Сонда қабылдаған ас асқазанның 3/4 бөлігін ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлімен әрекеттесуі үшін, бұл ережені қатаң түрде сақтау қажет.

  • 2. Астың негізгі мөлшерін қабылдау негізі 12.00-14.00 аралығына сәйкес келуі тиіс. Бұл кезде бауырдың белсенділігі жоғары болады. Сондықтан қуатты, майлы астар тәуліктің осы кезінде қабылдануы тиіс.
  • 3. Суық кезде жеміс пен көкөністерді қолдануды шектеу керек. Суық мезгілдерде піспеген затты жеу салқын тиюге, ісіктің пайда болуына, ас қорыту мәселелерінің туындауына алып келеді. Себебі, жемістер мен көкөністер қасиеті бойынша салқын заттар қатарына жатады. Оларды жиі қабылдау ішкі жылылықты төмендетеді және организмдегі барлық үдерістерді баяулатады.

Зиянды әдеттерден алшақ болу.

Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Күйзеліс және кикілжіңді болдырмау.

  • Күйзеліс (стресс) – бұл адамның өмірдегі түрлі жағдайларға қалыпты физиологиялық реакция танытуы. Үйленуге байланысты немесе жұмыс барысында орын алатын күйзелістер оңтайлы болып саналады (яғни, ол адамда болып тұратын жағдайлар, аса мән бермесе де болады) Сонымен қатар, күйзеліс көбінесе жағымсыз жаңалықтармен, дау-дамай немесе жұмыстан айырылу, көшедегі кептеліс секілді өзге де жағымсыз нәрселермен астасып кетіп жатады.
  • Адамның миы қауіпке ұшыраған жағдайда ағзаға дүрліктіру белгілерін бере алатындай болып құрылған. Бұл күйзелітік реакциясы деп аталады. Ондай кезде қанда адреналин, кортизон және басқа гормондар түзіліп, ағзаны алдағы қауіпке дайындайды: жүрек жиі соғылады, қан қысымы көтеріледі, тыныс алу алу жиілеп кетеді. Бұл гормондар күйзелісстік гормондары деп аталады. Олар дер кезінде көбірек күш береді, ұшқыр ойлануға жағдай жасап, реакция жылдамдығы арттырады.

Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.

  • Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасыбойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

"Биосфера экологиясы" лабораториясының ғылыми қызметкері Насиба Байматованың айтуынша, ластанған ауа адамның физикалық психологиялық саулығына әртүрлі әсер етеді. Салдарынан мына аурулар ушығуы мүмкін:

  • "Биосфера экологиясы" лабораториясының ғылыми қызметкері Насиба Байматованың айтуынша, ластанған ауа адамның физикалық психологиялық саулығына әртүрлі әсер етеді. Салдарынан мына аурулар ушығуы мүмкін:
  • • ауамен жұғатын респираторлық ауру;
  • • жүрек-қан тамырлары ауруы;
  • • көз, мұрын, тамақ қышуы;
  • • репродуктив мүшенің зақымдануы;
  • • көкбауыр, қан, бауырдың зақымдануы;
  • • семіздік;
  • • жүйке жүйесінің зақымдануы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауасы лас қалада тұратындарға 5 кеңес ұсынады:

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауасы лас қалада тұратындарға 5 кеңес ұсынады:
  • 1. Көлік кептілісінде, бағдаршам маңында көп жүрмеуге тырысыңыз. 
  • 2. Егер кептеліс маңында кішкентай баламен жүрсеңіз, оны көтеріп алыңыз, себебі көлік түтінін бірінші кезекте балалар жұтады.
  • 3. Далада спортпен айналыссаңыз, мейлінше ауасы таза, ағашы көп аймаққа барыңыз.
  • 4. Лас ауаның деңгейі көтеріліп кеткен күндері көлік айдаудан бас тартуға тырысыңыз.
  • 5. Қалдықтарды өртемеңіз, одан шығатын түтін денсаулығыңызға зиян.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет