Салықтық мәжбүрлеу мен жауапкершілік



Дата24.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#52199

Салықтық мәжбүрлеу мен жауапкершілік

Дайындаған:Самалбекова Гулжайна

Тексерген:Әбубәкірова Гүлнұр Мұратбекқызы


Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеуді сипаттау кезіңде оның мынадай ерекше белгілерін бөліп шығаруға болады:
1) соттан тыс жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын салық салу аясында кеңінен қолдану мүмкіндігі заң жүзінде рұксат етілген және салықтық құқық бүзушылық фактісін жедел жою мақсатында сол шараларды қолданудың жеңілдетілгең процессуалдық тәртібі көзделген;
2) мемлекеттік мәжбүрлеу салықтық заңдардын әмірлі та- лаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған тұлғаның құқықка кайшы жүріп-тұруына мемлекет тарапынан көрсе- тілген заңдық карымта- кысым;
3) мемлекеттік мәжбүрлеу аясымен камтылған салық салу аясында міндетті түрде салықтөлеушілердің құқықтарын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету механизмдері карастырылған;
4) мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану негізінде салықтық құқықтық қатынаска қатысушының құқықка кайшы әрі кінәлі іс-қимылы жатады;
5) салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу кешенді құқықтық институт болғандықтан салықтық, әкімшілік, кыл- мыстық және т.б. құқық нормаларынан құралады;
6) мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану процесінде салық төлеушілердің мемлекет алдыңдағы өз салықтық міндеттемелерін тиісінше орындау мән-жайлары қамтамасыз етіледі.
Мәселен, салықтық тексеру кезінде салықтық заңдардың бұзылуы фактісінің орын алғаның мөлімдейтін жалған немесе қолдан жасалған құжаттардың табылуына байланысты олардың бәрі салықтөлеушіден мәжбүрлеп алынып, алынғаны жөніңде құжаттардың тізбесі бар акті салық төлеушіге табыс етіледі.
Мемлекеттің салық салу жүйесінде мынадай салық жеңілдіктері орын алады:
- салық ставкасын төмендету;
- салық төлемінің сомасын кыскарту;
- салық төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;
- артығымен төленген салықты есепке алу;
- салық салу объектісі бойынша салық төлеушіні толығы- мен немесе жартылай салық төлеуден босату;
- салық салу субъектісін нақтылы салықтарды төлеуден толығымен немесе жартылай босату;
- құрделі салым жасаған кәсіпкерлік қызметпен айналыса- тын заңды және жеке тұлғаларды тиісті заңда көзделген көлемде салық төлеуден босату;
- инвестициялық қорларға, мемлекеттік емес жинактаушы зейнетақы қорларына аударым жасайтын салық төлеушілерді белгілі мөлшерде салық төлеуден босату және т.б.
Мәжбүрлеу шараларына тән айрықша белгілер:
  • мәжбірлеу шараларын қолдану тәртібі көбінесе салықтық құқықтық нормаларымен және әкімшілік іс жүргізу нормаларымен айқындалады;
  • мәжбірлеу шараларын қолдану кезінде заңдылықтың сақталуына қатаң назар аударылады және оның сақталуы іс жүзінде қамтамасыз етіледі;
  • Салық салу аясында қолданылатын мәжбірлеу шараларының жүйесі әртүрлі бағыт-сипатта болады;
  • Мәжбірлеу шараларын қолдану соттан тыс жағдайда жүзеге асырылады;
  • Салық салу аясындағы мәжбірлеу шараларын құқықтық реттеу, яғни жауапкершіліктің негізін және қолдану тәртібін белгілеу механизмі, қаржылық, әкімшілік және қылмыстық заңдармен айқындалады;
  • мәжбірлеу шараларын қолдану айрықша жеңілдетілген тәртіппен және қарапайым іс жүргізу нысанында жүзеге асырылады;
  • мәжбірлеу шаралары салық салу аясындағы заңдылықты қатамасыз ету және салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібін сақтау, сондай-ақ нақтылы салық төлеушілерді өз салықтық міндеттерін бұлжытпай орындауға мәжбүр ету мақсатында жүзеге асырылады.

Салықтық құқық бұзушылық белгілеріне.
  • жиі көрініс табуына байланысты қоғамға қауіптілігі;
  • құқыққа қайшылығы;
  • кінәлілігі;
  • зардап – залалдың болуы;
  • Құқыққа қайшы әрекет пен оның нәтижесі зардапты зиян және олардың арасындағы себептік байланыс;
  • Құқыққа қайшы, кінәлі әрекеттің жазалануы, яғни теріс әрекеттің жазалануы жатады.

Салықтық құқық бұзушылық-салықтық қатынасқа қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген өздеріне қатысты міндеттерді тиісінше, орындамауларына не мүлдем орындамауларына байланысты тиісті заң актілерінде заңи жауапкершілік көзделген құқыққа қайшы, кінәлі әрекет не болмаса әрекетсіздік болып сипатталады.
Салық жауапкершілігі — заңи жауапкершілік түрлерінің бірі. Салық жауапкершілігі мемлекеттің арнаулы органдары арқылы мемлекет пен құқық бұзушы арасындағы құқықтық қатынас болып табылады. құқық бұзушыға салық құқығы нормаларында баяндалған талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеледі. Жасалған құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіпті сипаты мен деңгейіне (ауырлығына) қарай салық заңнамасын бұзушыға қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасағаны үшін қолданылатын және неғұрлым қатаң ықпалшара ретінде сипатталатын қылмыстық жауапкершілік қолданылуы мүмкін; әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік және ақша ресурстарының айналысы ережелерін бұзған әрекеттер жасағаны үшін көзделген кaржылық жауапкершілік қолданылуы мүмкін
Бүгінде Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетелдер- дің салық салу практикасында қолданылатын салықтық (эко- номика секторларыныңдамуына қатысты) ынталандыру әдістері және әлеуметтік сипатты салық жеңілдіктері жүйесі:
- инвестициялықсалық кредиті;
- амортизациялық аударым құқығы;
- «жасыл* салық режимі;
- жанама салық кредиті;
- салық каникулы;
- салық «жұмағы*;
- салық кредиті түрінде қолданылатын салық шегерімдері;
- салықтық шегерімдер;
- нөлдік ставка;
- салық ставкасын төмендету;
- салықты төлеу мерзімін ұзарту;
- нормативтік салық жеңілдігі;
- салық төлеуден босату көзделген жеңілдіктер;
- салықтөлеуді кейінге қалдыру көзделген жеңілдіктер;
- салық мөлшерін төмендетуді көздейтін жеңілдіктер аркылы көрініс табады.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет