"Ұқсас затты тап". Ойынның мақсаты



Дата09.05.2022
өлшемі65,22 Kb.
#33394

“Ұқсас затты тап”.

Ойынның мақсаты: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш,  дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы  ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.

Ойын барысы:

Ойынға басшылық. Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi. Тәрбиешi: - Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн, соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр-түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?

Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т.б.

Дөңгелек: доп, алма, шар т.б.

Суреттегi заттар жайында кiмнiң қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар бiлетiнiн сұрау. Ендi балаларды үш топқа бөлiп, үш түрлi пiшiндi таратып бередi. “Өз орныңды тап” қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындағы пiшiндер көлемi жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың iс-әрекетiн бекiтiп, талдау жасайды.


















































 

 































 

 

 

 

 

 

"Нүктелердi қос".

 

       Ойын мақсаты:  Балаларды кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.Нүктелерді қосу арқылы, бейнелерді шығара алуға дағдыландыру.Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

       Қажетті құралдар: Нүктелермен бейнеленген жұлдызша, жалауша бейнелерi.

Ойын барысы:

Қағаз бетiндегi нүктелердi қосу арқылы бейнелердi анықтау, атын атату. Неше нүкте бар екен? Сұрағына жауаптарды тыңдау. Нүктелердi нөмiрлету, сандарды тура және керiсiнше атату.  Ойын нәтижесiнде түзу, үшбұрыш, тiкбұрыш ұғымдарын қалыптастыру, сандарды тура және керiсiнше атату.

 


















































































 

 

 

 

 

“Айырмашылығы неде»

 

Ойын мақсаты: Балалардың геометриялық фигуралар туралы түсiнiктерiн тереңiрек қалыптастыру, олардың жай емес “сиқырлы” фигуралар екенiн, олардан түрлi ойыншықтар, есептер, ойындар құрастыруға болатынына балалардың көзiн жеткiзу, қызығушылығын арттыру, ұқсас заттарды бiр-бiрiмен көзбен көру арқылы салыстыра бiлуге үйрету.

 Қажеттi құралдар:

Мейрампаз суреттерi, гүл салғыш ыдыс, гүлдер.

Ойын барысы:

Тек геометриялық фигуралардан құрастырылған екi мейрампаздың бiр-бiрiмен ұқсас және айырмашылығы бар жерлерiн табады. Ойында балаларды екi топқа бөлiп ойнатуға болады. Әр топқа әрбiр ұқсастығы мен айырмашылығын тапқан сайын, әр топ тақтада iлулi тұрған гүл салғышқа гүл салып отырады. Қай қатар гүлдi көп жинайды, сол қатар жеңедi.

































                                                                                                                                                                                                                                           

                  

“Қай қолымда көп»

      

       Ойын мақсаты:  Заттың екi жиынтығын салыстыра бiлуге үйрету. Көз мөлшерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

       Қажетті құралдар: Ұсақ нәрселер.

Ойын барысы:

Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешiнiң столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик секiлдi әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс.

         Тәрбиешi екi қатардағы нәрселердiң санын теңестiру үшiн не iстеу керектiгiн 2 тәсiлмен орындауы керек.

 

 









 

 

«Өз үйiңдi тап» 

Ойын мақсаты: Балаларды тапсырма бойынша өз үйлерін табуға үйрету.Жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Бұл ойын биiк-аласа, үлкен-кiшi, оң жақта, сол жақта - деген ұғымдарды жаттықтыру мақсатында өтiледi.

Қажетті құралдар: «Ағаштардың бейнесі».Үйлердің суреттері.

Ойын барысы:

Тәрбиешi балаларды екi топқа бөлiп, әр топтың ойнайтын орнын  немесе “үйiн” тағайындайды.  Екi топқа да өсiп тұрған бiрi биiк, бiрi аласа ағашты көрсетедi де 1-топтағы балалардың үйi биiк ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйi аласа ағаштың сол жағы - деп белгiлейдi.  Қай топ өз үйлерiне тез барады.  Ойын екi рет қайталанады. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.









































 

 

 

        


































 

 
“Сандықты әшекелеймiз”

Ойын мақсаты: Әртүрлi пiшiндердi ажырату және оны желiмсiз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық бұйымның ерекшелiгiмен таныстыру.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.

 

Ойын барысы:

 Тәрбиешi түктi қағаздан жасалған сандықты көрсетiп, сұрайды. “Мынау не? Қайдан көрдiңдер? т.б.”  Тәрбиешi балалар жауабын толықтырып, ұлттық бұйымның ерекшелiгiн, маңызын қысқаша айтып өтедi де: - Қазiр осы сандықты әшекейлеймiз. Бұл сандық өзi сиқырлы екен, қане ашып көрейiк,  - деп iшiнен қорапқа салынған түрлi-түстi геометриялық пiшiндердi алып көрсетедi. Түстерiн сұрайды, ал сандықтың бетi, қақпағы қандай пiшiнге ұқсайды? – Тiк төртбұрышқа. Бұл пiшiндердi балаларға таратып бередi. Сандықтың бетiнде әдемi ою-өрнек бар, бiрақ кейбiр бөлiктерi бос, сол бос орындарға бiз мына пiшiндердi орналастырамыз. Тәрбиешi өзi жапсырып көрсетуi керек. Одан кейiн дөңгелектердi түстерiне қарай таңдап, бiр-бiрiне қарама-қарсы немесе қатарластыра, шетiне ортасына орналастыруды балалардың өздерi жапсырып безендiредi.

 



































































 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет