Саясаттану пәнінен шағын жоба және БӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық 022-2023 о/ж, семестр Семестрдің барысында: 6,8,11,14 апталарда топтар жобаны тапсыруы тиіс. Шағын жоба тақырыптары



бет1/3
Дата14.03.2023
өлшемі24,43 Kb.
#74215
  1   2   3
Байланысты:
2022-2023 Саясаттану Эссе, мақала, презент Әдістемелік нұсқау


Саясаттану пәнінен шағын жоба және БӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық 2022-2023 о/ж, 1 семестр


Семестрдің барысында: 6,8,11,14 апталарда топтар жобаны тапсыруы тиіс.


Шағын жоба тақырыптары.

  1. Қазақ даласындағы саяси ойлар.

  2. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

  3. Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері.

  4. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.

  5. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.

  6. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану процесі.

  7. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары.

  8. Қазақстандағы партия жүйелерінің даму үрдістері мен ерекшеліктері.

  9. Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.

  10. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет: қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.

  11. «Рухани жаңғыру» - ҚР сана мен ойлаудың жаңа моделі стратегиясы.

  12. Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі.

  13. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның рөлі. ҚР сыртқы саясатының басым бағыттары.



Жобаны дайындаудың әдістемелік нұсқаулары.
Жобаны орындау процесін бағалау:
- қойылған міндеттерді орындауға шығармашылық көзқарас, ақпаратпен жұмыс жасай білу, топпен жұмыс жасай білу.
- жұмыстың талапқа сай ресімделуі, құрылымының дұрыс құрастырылуы.
Жобаны ресімдеу:
Құрылымы: жобаның көлемі 25-30 бет, оның ішінде: титулды бет (1-бет), жоспар (2-бет), негізгі мәтін (кіріспе 3-ші беттен басталады, көлемі – 2,5-3 бет, негізгі бөлім, қорытынды 1-1,5 бет), пайдаланылған әдебиеттер тізімінен (ең соңғы бет) тұрады. Жұмыс Times New Roman, 12 не 14 шрифтпен орындалуы тиіс. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, деректері, зерттелу деңгейі, құрылымы көрсетілуі тиіс; негізгі бөлімде тақырыптың ашылуы, мазмұны, қорытынды бөлімде мәліметтерді қысқаша қорытындылау, саяси процестің (құбылыстың) нәтижелері, оған берілген баға келтірілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет