Саяси шиеленістер мен дагдарыстар



Pdf көрінісі
Дата02.12.2023
өлшемі2,28 Mb.
#132161


Саяси шиеленістер
орындаған:Сары Ернұр
Шинберген Саят
Бектемирова Жанель
Бокишева Гульназ


Саяси Шиеленіс



Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен
Энгельс «Коммунистік
партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций
мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен
езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде
үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде
қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын»
деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы
күші деп есептеді.


Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай
білдіреді.
Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан
шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі,
қоғамның «таза» даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа
ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды,
құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де
қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды
ішке тыққанмен бірдей.


Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер
кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы
бар.
Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға
қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі
жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай
басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.


Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы
жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады,
келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін,
ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.
95?


назарларыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет