Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасып, сыныпқа психологиялық ахуал орнату
«Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады.
-Ароматты көмірсутектерге нелер жатады?
-Ароматты көмірсутектерді халықаралық жүйе бойынша қалай айтады, жалпы формуласы қандай?
-А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының қағидалары
-Виталистік ілім дегеніміз не?
Амандасады, өз көңіл-күйлерін білдіреді
Білім алушылар сұрақтарға жауап береді,
Дескриптор:
-ароматты көмірсутектерге нелер жататынын айтады
-ароматты көмірсутектерді халықаралық жүйе бойынша қалай айтынын жалпы формуласын айтады
-А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының қағидаларын айтады
-виталистік ілім туралы айтады
ҚБ/ Өзара бағалау «Басбармақ» әдісі
Сабақтың ортасы
39 мин
Тапсырма-1.
Бензол құрылымы жайлы заманауи теориялар
Көмірсутектің белгілі бір монохлор туындысының изомерлері жоқ. Бұл шарт көмірсутектің қай тобына сәйкес келеді?
А. этилен, этан, циклогексен
Б. этен, бензол, 2,2-диметилпропан
С. циклогексан, метан, 2-метилпропан
Д. бензол, пропилен және пропан
Тапсырма-2.
Бензол құрылымы жайлы заманауи теориялар
Көмірсутектердің көміртек-көміртек байланысы ұзындығының өсу реті бойынша орналасқан қатарды көрсет.
А. бензол, этилен, циклопропан
Б. этен, бензол, этан
С. этан, бензол, этилен
Д. бензол, циклогексан, этен
Тапсырма-3.
Делокализацияланған электрондарды қамтитын бензол құрылымы тәжірибелік мәліметтерді түсіндіреді. Сөйлемдерді толықтыр.
1,6-дибромбензол жеке қосылыс түрінде кездеспейді, себебі ол________дибромбензолына ұқсас. Бензол әдеттегі алкендерге тән жоғары әрекеттесу қабілетін көрсетпейді, себебі онда___________
. Бензол әлсіз әрекеттесу қабілетіне ие, себебі делокализацияланған электрондар ________________
. Бензолдағы көміртек-көміртек байланысының ұзындығы_________
, ол C – C және C = C-байланыстарының арасындағы аралық мән болады. Бұл бензол сақинасының________________
біркелкі таралған
электрондармен байланысты.
Тапсырма-4.
Бензол гомологтары және олардың қасиеттері
Бензолды сақинадан тұратын молекулалық формуласы C8H10 қосылыстың қанша изомері бола алатынын тап.
А. 4
Б. 3
С. 5
Д. 6
Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары
№1 сұрақ
Бензол –...
сандық және сапалық құрамы жалпы формулаға жауап беретін, CnH2n көмірсутек.
А. үш π-байланысы бар қанықпаған циклдік көмірсутек
Б. қарапайым CH формуласы бар көмірсутек.
С. молекуласында 6 – карбоциклді мүшесі, алты түйіндес π-жүйесі бар көмірсутек.
№2 сұрақ
Бензолдың циклдік құрылымын алғаш рет ұсынған:
Ф. А. Кекуле
Д. Дальтон
Д. И. Менделеев
А. М. Бутлеров
№3 сұрақ
Сутектің массалық үлесі бензолдікіндей болатын көмірсутекті көрсет.
А. пентадиен
Б. нафталин
С. винилацетилен
Д. циклогексан
Е. циклопентадиен
№4 сұрақ
Бензол молекуласындағы көміртек атомының гибридтену күйін тап.