Жарылыстың күшті толқындары. Ауаның соққы толқыны туралы түсінік. Жарылыс және өрт қауіпі бар өндірістердегі апаттар кезінде ауамен араласып өрт және жарылыс қаупі бар қоспалар түзетін көмірсутекті өнімдер, газ тәрізді қоспалар пайда болып, қосылыстар қалыптасады. Осы жағынан алғанда келесі көмірсутекті газдардың ауамен қоспасы қауіпті саналады: метан, пропан, бутан, этилен, пропилен және бутилен т.б.
Жеңіл тұтанатын сұйықтар буларының қоспасы, белгілі бір концентрациядағы шаң немесе мата бөлшектері де жарылыс қаупін тудыруы мүмкін. Жарылыс ғимараттардың , технологиялық жабдықтың, құбырлардың қирауына немесе зақымдалуына әкеледі. Бұл құбылыстар жарылыспен ғана емес, жарылыс кезінде қалыптасатын соққы толқынымен де байланысты. Соққы толқыны деп дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен қозғалатын, ортаның негізгі физикалық параметрлерінің күйін бұзумен сипатталатын толқынды айтамыз. Қандай ортада таралғанына байланысты толқынды – ауадағы соққы толқыны, судағы немесе топырақтағы сейсможарылысты толқын деп бөледі.
Ауадағы соққы толқыны – қатты қысылған ауаның жарылыс ортасынан дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен таралуы. Ауадағы соққы толқынының ерекшелігі оның артынан ауа ағынының қозғалып отыруы.
Ауадағы соққы толқынының пайда болу механизмі келесідей: жарылыс кезінде көп мөлшерде газ тәрізді өнімдер түзіледі, олар өте жоғары қысымда болады да бірден жібере салған серіппе тәрізді кеңейе түседі. Осының есебінен ауа қысылады, оның қысымы, тығыздығы, температурасы артады.
Жарылыс өнімінің жинағы кеңейіп, қоршаған ауаны ығыстырып, қысылған ауа аймағын түзеді. Соққы толқыны сығылу және тарамдалу фазаларынан тұрады. Соққы толқыны сығылу фазасында қысым атмосфералық қысымнан жоғары болады, ал тарамдалғанда төмен болады. Ауаның неғұрлым жоғары қысымы сығылу фазасында толқын фронтында байқалады.
Жарылғыш заттар. Жарылғыш заттар мінездемелері. Жарылыс – заттардың физикалық және химиялық араласуының жылдам жүретін процессі, үлкен көлемдегі энергияның қысқа уақыт аралығында шектеулі мөлшерде шығуы. Ол лезде кеңейген кезде қоршаған денелерге соққы әсерін (соққы толқын, қысым, қирату) туғызатын өте жоғарғы қысымды қатты қызған газдың (плазманың) түзілуін алып келеді. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен бөлшектелуіне алып келеді, ауада немесе суда болса, ауалы гидрологиялық соққы толқын туғызады, олар өз кезегінде сол жерде орналасқан нысандарға қиратушы әсерін тигізеді.
Жарылыстар химиялық энергия (ең бастысы, жарылғыш заттар, газды қоспа және т.б.), электромагнит энергия (ұшқынды разряд, лазерлі ұшқын және т.б.), тығыздалған газдар энергиясының (қысым ыдыс – баллонның, құбырдың және т.б. мықтылық деңгейінен асқан кезде) шығуы салдарынан болады.
Жарылыс ңауіпті нысан (ЖҚН) - белгілі жағдайларда жарылыс қауіпі бар заттар (өнімдер) сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.
ЖҚН – ға қорғаныстық, мұнай шығаратын, көмір қазатын, мұнай өндейтін, химиялық, газды, тоқымалық, нан тағамдарының және дәрі – дәрімек өнеркәсіптері, тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтар, сұйытылған газ қоймалары жатады. Жарылысты авариялар көбінесе көмірсутекті (метан, этан, пропан) газдарды көп мөлшерде қолданатын немесе өндірісте бар кәсіпорын өндірістерінде болады. Қазандықтардағы қазандар, газды аппаратура, химиялық зауыттардағы өнімдер мен жартылай фабрикаттар, бензиннің және басқа да компоненттердің булары, диірмендер мен элеваторлардағы ұнның тозаңы, қант зауыттарындағы қант ұнтағы, ағаш өңдейтін кәсіпорындардағы ағаш тозаңы жарылады. Тұрғын үйлердегі тұрмыстық газдардың жарылуы мүмкін.
Жарылыс қауіпі бар заттар - оттың, сілкінудің, үйкелудің әсерінен жарылуы мүмкін зат.
Соққы толқын – жарылыстың зақымдаушы факторларының біріболып табылатын заттың кенеттен тығыздығы, қысымы мен температурасының жоғарылауы жүргенде, жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен таралатын ауыспалы аймақ.
Соққы толқын фронтындагы артық қысым — сокқы толқын фронтындағы максималды қысым мен осы фронт алдындағы қалыпты атмосфералық қысым арасындағы айырмашылық.