Сейфуллин оқулары – 9



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі31,96 Kb.
#7491

Қазақстан Республикасының Бірінші  Президенті  күніне  арналған «Сейфуллин  оқулары – 9:

жоғарғы  білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық

конференция материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции

«Сейфуллинские чтения – 9: новый вектор развития высшего образования и науки» посвященная

дню Первого Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.2, ч.1. – Б. 262-264



С.СЕЙФУЛЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ТУҒАН ЖЕР, ЕЛ» КОНЦЕПТІСІ

Бекбауова С.

Бүгінгі  таңда концепт ұғымы ғылыми  айналымға  белсенді  түрде  енді.  Ол

когнитивтік  лингвистика  мен  лингвомәдениеттанудың басты  терминдерінің бірі  боп

саналады. Осы тұрғыдан концепт көптеген зерттеушілердің: лингвист, филолог, когнитолог

мамандардың зерттеу нысанына айналып отыр.

Ең алдымен,  «концепт  дегеніміз  не?»,  «концепт»  пен ұғым  екеуі  бір  ме?»  деген

мәселе  төңірегінде  біраз  зерттеулер  болғандығын  айтуымыз  керек.  Сондықтан  да  тіл

білімінде  концепт  терминіне  берілген  анықтамалар өте  көп.  Концептілерді  зерттеу

халықтың менталитетін, рухын, жан дүниесін жақсы түсінуге, сол ұлттың әлемдік бейнесін

сол ұлттың көзімен көруге мүмкіндік беретіндігін айтуымыз керек.

Концептінің беретін ұғымын  түсіндіру  арқылы  жеке адамдардан  бастап, қоғамдық

топтардың бүкіл  бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктерін

анықтауға болады. Мәдениет адамзат баласының ақыл-ойы мен маңдай терінен туындаған

жетістіктердің бәрін қамтитын болғандықтан, мәдениет атауының мәні кең. Әсіресе ұлттың

ерекшелігін,  таным  түсінігін,  ой-өрісін, яғни  бір  сөзбен  айтқанда,  мәдени  болмысын

танытатын лексемаларды мәдени концепт ретінде когнитивті тұрғыда қарау қажет.

Біз  «туған  жер»,  «ел»  концептісінің  қазақ танымында қандай ұғым  беретінін

қарастыра отырып, халықтың басынан кешкен өмірін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын

тани аламыз, адамзатты табиғатты, Отанын сүюге тәрбиелейміз. «Туған жер» концептісін

зерделеу  арқылы  адамның ой  мен  түсінігін  тұжырымдап  тілдің этнолингвистикалық

сипатын  айқындай  аламыз.  Осы  ретте  Сәкен  шығармаларында  «туған  жер»  концептісі

қаншалықты орын алатынын қарастыруды мақсат еттік.

«Туған жер» концепісі қай халыққа да қатысты. Ол әсіресе қазақ халқы үшін ерекше

құнды  дүние  болып  табылады. Қазақ халқы үшін  «туған  жер»  немесе  «ел»  концептісі

«атамекен»,  «атақоныс»,  «атажұрт»,  «кіндік қаны  тамған  жер»  секілді  модельдердің

қатысымен анықталады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын мәдени мұра.

Қазақ ақын-жазушыларының ішінде  туған  жер  тақырыбына қалам  тартпаған

қаламгер  болмаған  шығар.  Сондай  ақындардың бірі – Сакен  Сейфуллин.  Туған  жер,  ел

тақырыбында ақын қаламынан туындаған өлеңдері бірнешеу. Мәселен, «Туған жерім – өз

елім». Бұл өлеңін Сәкен ағамыз шет жерде жүргенде жазған болатын. Өлеңде ақынның туған

жерге деген сүйіспеншілігі тамаша бейнеленген.

Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,

Қаны қашты, әм сарғайды ет пен тер.

Сені ойласам ішім күйер қапа боп,

Жүрегімде түйіншектей қайғы шер.

Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен,

Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен.

Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,

Бәсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім,-дейді.

Ал «Нұра» өлеңі арқылы отарлау саясатымен өз туған жеріне бөгде, бөтен адамдардың келіп,

билік етіп отырғанына ақынның жүрегі ауыратынын байқаймыз.

Сағынып Нұра, мен келдім,

Бұрынғы иең – байғұсың

Айрылған сенен көп елдің


Жатырсың көріп қайғысын.

Бұрынғыдан қайғылы

Құстарың да сайрайды:

Қолдан келер еш не жоқ,

Жүрек от боп қайнайды.

Тіпті  ақын  туған  жеріне  кімнің келгенін  ашық айтады.  Және  олардың ол  елді өз  еліндей

иемденгеніне күйінеді, қынжылады. Оны біз «Туған жерім» өлеңі арқылы байқаймыз:

Өзен өрлеп, суға қармақ салғаным.

Құрбылармен таласып балық алғаным.

Сөйткен жерге хохол келіп орнады

Арманда боп, жылай-жылай қалғаным.

Ел  аман,  жұрт  тынышта  отырып, қазақтың елін,  жерін  басқаға  билетіп қоюына  ақын

ызаланады, намыстанады, оны мазақ болу деп түсінеді.

Мекен болдың бір уақыт

Көшіп жүрген қазаққа.

Айрылып сенен бейбақыт

Сорлы қалды мазаққа -деп толғанады.

Өлең туған жерге бағышталғандықтан, жер мұңы –халық мұңы, ел мұңы екенін түсінген ақын:



Айтпасаң да білем мен

Ішіңдегі сырыңды.

Қайғыдасың бүгін сен,

Айтпайсың бірақ шыныңды,-деп халқымен бірге күйінетінін сездіреді.

Орыстардың еліне  келіп,  туған  жерінің сыйқы  кеткенін,  адамдары  бұрынғыдай

ойнап-күлмей,  жадырамай,  басқа  күйге  түскенін,  оларға әрі  психологиялық,  әрі  моралдық

қиындық келгенін  аңғарған  ақын, қазақтың осы  халін  «Түс»  атты  тұспал өлеңмен  берсе

(Қараңыз:  С.Сейфуллин  Көп  томдық шығармалар  жинағы,  2-том,  37-бет),  «Қазақ сабағы»

өлеңінде орыстың жері мен қазақтың жерін салыстыра келе, өз елінің артықшылығын нақты

мысалдармен  айғақтайды  (Қараңыз:  С.Сейфуллин  Көп  томдық шығармалар  жинағы,  2-том,

40-бет).


Алайда  ақынның кейде ұштаспайтын  тұстары  да  жоқ емес.  Бірде  ол  бұрынғы өмірді

аңсаса,  енді  бірде  жаңалығын  ала  келген қазан  төңкерілісіне қуанады.  Мәселен,  «Далада»

өлеңінде  ақын  «теңдік,  бостандықты»  көптен  күткендігін  айтып, қазақ даласына  келген

жаңалыққа



Далада  жазғытұры  тостым  желді,  Кезгек  жел  саулап  есіп  жетіп

келді....Құшақтап  майда  ескек  жел  беттен  сүйді. Қуаныш  сырын  айтқан ғашығымдай

Ескектің көкірегіме лебі тиді,- деп жырлайды.

Қорытындылай келгенде, С.Сейфуллин шығармаларының біразында «туған жер», «ел»

концептісі ұшырасады.  Бұл  концепті  ақынның ішкі  жан  дүниесімен  астасып  жатыр.  Мұнда

нәзік психологизм, Отанға, туған жерге деген ақынның көзқарасы, сүйіспеншілігі, патриоттық

сезімі ашық аңғарылады. Сакен Сейфуллин шығармаларын оқи отырып, кез келген адам елін

шексіз сүйгісі келетіндей-ақ. Ақыннан үлгі алар тұстары да аз емес.



Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.к., доцент Резуанова Ғ.Қ.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет