Семинар бағдарламасы бойынша №23 мектептің химия пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Бегеева Рабиға Жұмабайқызы «Химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту»



Дата27.12.2022
өлшемі12,93 Kb.
#59893
түріСеминар
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 жалпы білім беретін мектеп» КММ – де «Химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында қалалық химия пәні мұғалімдерінің семинары өтті. Семинарға қала мектептерінен 21 мұғалім қатысты. Семинардың мақсаты мұғалімдердің функционалдық сауаттылық бойынша түсініктерін тереңдете отырып, осы бағытта тапсырмалар жасау дағдыларын қалыптастыру болды.
Семинар бағдарламасы бойынша №23 мектептің химия пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші Бегеева Рабиға Жұмабайқызы «Химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте мұғалімдер өздеріне берілген тақырыптарға тапсырмалар құрастырып, білімдерін шыңдады. Семинардың келесі бөлімінде осы мектеп мұғалімі Аманғали Айнамкөз Айболқызы «Химия сабақтарында қолданылатын әдіс – тәсілдер» тақырыбында шеберлік сабағын өтті. Белгілі тақырыпты ала отырып, мұғалімдерге әр түрлі әдіс тәсілдермен жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Семинар одан әрі «1 тоқсан қорытындысы, қиындық келтірген тұстары» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасын тапты.
Семинар қорытындысында қатысушылар «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен кері байланыс беріп, өздерінің түйген – білгендерімен бөлісті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет