Семинар Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек Жолы



Дата14.10.2023
өлшемі23,1 Kb.
#114700
түріСеминар

3 семинар
Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек Жолы.
Түрік қағанаты(552-603) жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекет тердің бірі. Аумағы:оңтүстік шығысында Қытаймен, оңтүстік батысында парсылармен шектесіп жатты.
Теле түркі тілдес - тайпалардын ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша "теле" сөзінен "түрік" атауы қалыптасқан.Түрік қағанатының құрамына 30 аса теле тайпасы енген: Олар: қырғыз,оғыз,ұйғыр,дулу,үйсін т.б. Қытай деректерінде “түрік” этнонимі 542 жылдан бастап кездеседі. 6 ғасыр ортасына дейін түріктер жужандарға бағынышты болды. Жужан қағаны үшін темір өңдірген. Түріктер Алтай тауларында мекендеп 
темір өндіру және өңдеумен айналысқан. Құрал саймандар,қару жарақтар жасап жужандарға салық ретінде төлеп отырған. Түріктер Бумын қағанның кезінде күшейе бастайды.Сосын олар өз тәуелсіздігіне қол жеткісі келеді , сол мақсатпен басқа жужандармен басқа бір күшті мемлекетпен одақтасуды ойлайды. Сөйтіп 545 жылы Бумынға қытай елшісі келіп, екі елл арасында бейбіт қарым қатынас орнайды.552 жылы Бумын бастаған түріктер жужандарды талқандап , түрік қағанаты құрылды. Бұл шайқас : Бумын Анағұйға(жужан қағаны) өзінің елшілерін жібереді. Солай Бумын Анағұйдың кызын әйелдікке сұрайды , бұған Анағұй ашуланады “менің қол астымдағы құлым , менің теміршім қалай менің қызымды сурайды” деп ашуланып , соғыс ашады. Бұл шайқаста жужандар жеңіледі , өзінің намысына шыдай алмай Анағұй өз өзін өлтіреді.Осылай Бумын қаған елхан деген атақ алады


Түргеш қағанаты(704-756) Орта Азияның оңт-шығ Шаш(Ташкент) қаласынан шығыс Түркістандағы Бесбалық,Тұрфан қалаларына дейін жеткен.Орталығы Суяб.Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткіштерінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары 6 ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанатының сол қанатынаенген. Түргештердің өзі екі топка бөлінді: 1. Сары түргеш. 2.. Кара түргеш. Түргеш қағанатының Кіші одасы: Іле бойындағы Күнгіт. Түргеш қағанатының негізін қалаушы Үшлік (704- 706жж.).Қағанат 20 әкімшілік аймакка бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударган. Үшлік 706 жылы араб әскерлеріне қарсы тұрған соғдыларға көмек берді. Сақал қаған (706-711жж.) Билік үшін сары және кара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оны Шығыс Түркі қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. 8ғ басы Орта Азия мен Қазақстанға арабтардын жорыгы бастады. 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 714 жылы Шашты басып алып, Испиджабка араб колбасшысы Кутейба ибн Муслим жорық жасаған.


Оғыз мемлекеті 9ғ соңы-11ғ басы.Сырдарияның отра және төменгі ағысы.Алғашқы дерек Әл-Якубидің, әл-Факихтің жазбасында жазылған.7ғ Батыс Жетісуды мекендеп,түрік қағанатының құрамында болған.
Оғыздар Сырдариядағы кангар-печенегтардің аймағына келіп , күрес нәтижесінде оғыздардан жеіңіліп,батысқа қарай кетеді.8ғ Қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сыр бойына қуған.9ғ соңында олар хазарлармен бірге печенегтерге шабуыл жасае , Жайық пен Еділ бойын тартып алады,сосын мемлекет болып қалыптасады.Орталығы-Янкигент(Сырдария бойы).10ғ соңы-11ғ басы мемлекетте салық жұмыс істей бастады.10ғ Оғыз даласы-Сырдариядан Кавказға дейін.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық арасында печенегтерді талқандады. 965 жылы оғыздар Киев князі Святославпен хазарларға қарсы әскери одақ жасап, Хазар қағанатын талқандады. «Оғызнама» дастаны: «Ұрысбек оғлы Сақлап» – мұнда орыс князі Святослав. Батысқа жорықтар сипатталған. Хазар қағанаты оғыздардың Қара теңіз бен Дон өзені бойындағы жайылымдық жерлерді жаулап алуына мүмкіндік бермеді. Хазарияның жойылуы орыс көпестеріне шығыс елдеріне жол ашты. 985 жылы орыс жылнамаларында князь Владимирдің оғыздармен одақ құрып, бұлғарларға қарсы шыққаны айтылады. Орыс шежіресіндегі оғыз аты: Торк.10 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында Әли тұсында мемлекеттің жағдайы күрт нашарлады. Жүріп жатқан соғыс және шамадан тыс салық оғыздардың наразылығын тудырды. Жент қаласын селжұқтар басып алды. Алайда қала тұрғындары селжұқтарды Женттен ығыстырып шығарады. Оғыз мемлекеті Әли Жабғудың мұрагері Шахмәліктің тұсында күшейді. 1041 жылы Хорезмді жаулап алды. Алайда 1043 жылы оны селжұқтар өлтіреді. Билік үшін күрес Оғыз мемлекетін әлсіретеді. Олоғыздың соңғы биі болған. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария мен Арал өзенінен мәңгілікке ығыстырып шығарады. 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті күйреді. Оғыздардың көршілері қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға қоныс аударды.11 ғасырдың ортасына қарай қыпшақтар Орта Азияға енді.


Қарлұқ қағанаты(756-940) Алтай тауынан Балқашқа дейін жер.Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Қытайдан келетін қауіпті жоюды ойлады. 751 жылы олар да Атлах түбіндегі шайқасқа қатысты. Сондықтан олардан қауіп төнбеу үшін 766-775 ж. Қашғарияны жаулап, шығыстағы шекарасын кеңейтеді. Ұйғыр қағанатын Енисей қырғыздары 840 жылы қарлұқтар қолдауымее құлатады.Қарлұқ Жабғу Ұйғыр қағанатын жаулап алды, ал қаған лауазымына Испиджаб қаласының билеушісі Білге Құл Қадыр хан отырды. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі 20 жылға созылды. Самани әулеті 840 жылы мұсылман дінін тарату деп өтірік айтып «қасиетті (ғазауат) соғыс» жариялап, Испиджабты басып алды. Қала билеушісі Саманидтерге салық төлеуге міндетті болды. 9 ғасырдың аяғында саманилер Таразды басып алып, қалаға мешіт салып, тұрғындарын ислам дінін қабылдады. Қала билеушісі болған Оғұлшақ қаған біраз уақытқа Қашқар қаласына кетуге мәжбүр болды. Саманшыларға қарсы Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Құл Қадырханның ұлдары) соғысты. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық уақытқа созылды. Қарлұқ ішкі алауыздықтан, билік үшін күрестен әлсіреген. Осыны пайдаланған Қашқардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алып, қағанатты талқандайды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның ұлы) қайтарады. Осы хан тұсында қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды. Осылайша 200 жылға жуық өмір сүрген Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды.


Қарахан мемлекеті (942-1212 жж) Жетісу мен Шығыс Түркістан жері.Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра хан саманилерден қолдау алып, Оғұлшақты жеңіп шығады. Тараз бен Қашқар қалаларын бағындырды. Білге Күл Қадырханның немересі Сатұқ Боғра хан (915-955 ж.) мемлекеттің негезін қалады. Орталығы Баласағұн қаласы. Қарахандық тардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін тайпалары кірді.Билік екі тайпалық топ - жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлінді.Исламды қабылдау кң басты жаңалық болды. Шығыс- танушы В.В. Бартольд: «Х ғасырлардағы араб географтары түркілерді исламға мүлдем жат халық ретінде сипаттайды», - деп айтқан.
Сатұқ боғра ханнан кейін билікке 955 жылы Мұса келеді.. Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Мұса қайтыс болып , Сатұқ боғра хан туыстарыныі арасында билікке талас басталады.Астанасы: Қашғар Мұса хан билігінің орталығы. Баласұғын - Сүлеймен ілік хан (Мұсанын інісі) орталығы.Қарахандықтар Саманр мемлекетін 999 жылы талқандап тастап,Мәереннахрды бағындырып алады.Қарахан мемлекеті екіге бөлініп кетіп ,Шығыс пен Бастыс аумақтарынан тұрды.Шығысы-Жетісу мен Шығыс Түркістан,Батысы-Мәуереннахр.12ғ 30 жж қарақытайлар жетісуга басып кіреді.Катуан даласында 1141 жылы қарақытайлар мен қарахандықтардың арасында шайқаста қарахандықтар жеңіліске ұшырап , қарахандықтар қарақытайларға тәуелді болды.Хорезм шахы Мұхаммед 1212 жылы Талас өзені бойында қарахандықтарды талқандап тастайды,осылайша Қарахан мемлекеті құлайды.


Еуропа мен Азияны байланыстырып отырған Ұлы Жібек Жолы адамзатты үлкен жетістіктерге жеткізді Жібек саудасына байланысты бұл сауда жолы «Жібек жолы» атанды. Оған «Ұлы» сөзінің қосылу себебі Шығыс пен Батысты байланыстырды.Б.з.б. 138 жылы Қытайдың император У-ди Батыс елдеріне елші аттандырады. Ол елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралады.Сапар барысында саудаға қолайлы жолдар анықталады. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады Б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Ұлы жібек жолы тұрақты жұмыс істей бастады. Қытай елшісінен кейін іле- шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді.Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. «Жібек жолы» атауын алғаш енгізген неміс ғалымы, географ Ф. Рихтгофен еді.Ерте орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірінде халықаралық сауданың дамуына ықпал етті.Ұлы Жібек Жолының ең негізгі сауда жолы Тянь-Шянь таулары мен Сырдария,Талас,Шу,Іле аңғарлары арқылы Қытайға жеткен.Жолдың екінші бір бөлігі Сырдария,Жайық өзендерін жағалай ары қарай Қара теңіз маңына, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейінсозылған.Орталық Қазақстан далаларына ,Сарыарқа мен Ертіске,Алтай мее Моңғолияға қарай тармақталған.Осындай жолдардың бойында Испиджаб,Отырар,Түркістан,Тараз,Сауран,Сығанақ,Сарайшық,Жаңакент сияқты ірі қалалар орналасқан.Осы қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек Жолының көмегі тигізген әсері зор болды.Жібек Жоллының бойындағы ең ірі қалалардың бірі Испиджаб- Сайрам қаласы болды.Сауда құрылыстары,керуен сарайлар мен тиындар көп болды.Испиджабтан басқа жерлерге ақ маталар,қару жарақ,мыс пен темір жеткізіліп тұрды.Қала білім-ғылым орталығы ретінде де бүкіл шығысқа әйгілі болған.Онда сол кездегі қырғысқан соғыстарда әртурлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып әкетеліп жататын.Тараз қаласы-Ұлы Жібек Жолы бойындағы саудасы дамыған қала деп әйгілі болған. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы:1. Халықаралық сауданың дамуына әсер етті.
2.Көптеген қалалардың пайда болып, өркендеуіне ықпал етті.
3.Мәдениет пен өнер туындылары таратылды. Шығыс пен Батыс мәдениетін байланыстырды.
4. Жібек, түрлі-түсті шыны, қағаз, оқ-дәрі т.б. дайындау тәсілдері таралды.
5.
Әбу Райхан әл-Бируни мен ибн Синаның еңбектері бүкіл Шығыс әлемі және Батыс Еуропа медицинасына зор әсер етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет