Семинар-Практикалық сабақ Сұрақнама: Өсімдік жасушаларын дақылдау тарихы



бет1/2
Дата03.12.2023
өлшемі22,58 Kb.
#133789
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
9практика СРСП


9. Өсімдік жасушаларын дпқылдау тарихы.
Семинар-Практикалық сабақ
Сұрақнама:
1. Өсімдік жасушаларын дақылдау тарихы
Кесте 1. Өсімдік жасушаларын дақылдаудың тарихи сатылары

Жыл

Автор

Жетістіктері

1876-
1893

Блоцишевский,
Браун, Моррис,
Боннэ, Сакс.

Алғаш өсімдік жасушасының оқшауланған өсірінділерімен жұмыс істеген ғалымдар.Олар тұқымнан ұрықты бөліп алып, оларды жасанды жағдайда өсірді. 

1893

Карл Ррехингер

Алғаш экспланттың минималды өлшемін ұсынды. Ол стерильді емес жағдайда бақбақ, қызылша тамырының кесіндісін және терек бұтағының сегментін суқұбыры суын пайдаланып өсірді. Оның зерттеулері каллус тек кесінді қалыңдығы 1,5 ммден аз болмаған жағдайда ғана түзілетінін анықтады. 

1902

Г. Габерланд

Алғаш жеке жасушаларды дақылдауды бастады. Ол дақылдауға Lamium Purpureum палисадты паренхима жасушаларынан оқшауланған жасыл жасушалардыжәне жұмсақ балшытыр мен вирджиндік традесканция талшықтарын пайдаланды. Габерландтың қателігі: хлорофиллі бар жасушалар өз өздерін қоректік заттармен толық қамтамасыз етеді дегендігінде. Ол кез келген тірі өсімдік жасушасының тотипотенттілігі гипотезасын ұсынған. Габерландтың фотосинтездеуші жасушаларға жүргізген сәтсіз зерттеулеріне қарамастан, өсімдік мүшесі, ұлпа және жасушалардың өсуіне қажетті жаңа қоректік қосындылар мен жағдайларды іздеуге жол салынды. 

1903
-1939

Ф. Уайт, Р. Готре

Ғалымдардың жұмыстары егер өсіріндіні жаңа қоректік ортаға алмастырып отыратын болса оқшауланған мүшелер мен ұлпалар өсіріндіде шексіз ұзақ өсе алатындығын көрсетті. Ф.Уайт ісік жасушаларының мұндай қабілетке ие екенін байқады. Уайт «Өсімдік ұлпаларының өсіріндісі» атты монографияның авторы болды. 1959 жылы in vitro өсірілетін 142 түрі көрсетілетін монография шығады. Қоректік орталардың құрамы өңделді, ұлпалардың қалыпты өсуі үшін өажет макро -, микроэлементтердің маңыздылығы зерттелді, дәрумендердің әсері, өсу ықпалдандырушылары анықталды.

1960-
1975

Э. Коккинг

Қызанақ тамыры мен жемістерінің ұлпаларынан пектолитті және целлюлолитті ферменттердің қоспаларымен өңдеу арқылы оқшауланған протопласттарды алудың жаңа әдістерін алудың негізін қалаушы. 


Такебе

Жасуша қабырғасын түзетін, морфогенезге қабілетті, жасушалар линиясына бастау алатыноқшауланған протопласттарды дақылдау жағдайларын анықтай алды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет