Семинар сабағы: Саяси жүйенің қызмет ету механизмі. Қазіргі әлемдегі саяси режимдер және олардың мемлекеттің саяси



Дата18.01.2023
өлшемі16,79 Kb.
#61871
түріСеминар

3-апта семинар сабағы: Саяси жүйенің қызмет ету механизмі.
Қазіргі әлемдегі саяси режимдер және олардың мемлекеттің саяси жүйесімен байланысы


Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлеріне сипаттама бере алу. Саяси тұрақтылық және тұрақсыздық мәселелерін зерделей алу. Саяси режимдердің түрлеріне талқылау жасай алу.
Сабақтың мазмұны:
Білім алушы семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін өзіндік жұмысты және дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалып келеді. Семинар сабағының барысы, білім алушылардың әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап және пікірталас ретінде жүргізіледі. Білім алушыдан өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Тапсырма-1. «Біздің қоғамға тиімді саяси режим» кейс-стади.
Кейс-стади дегеніміз – белгілі бір мәселеге қатысты, дәлелді ақпараттарды ұсына отырып, өз тұжырымыңызды дәлелдейтін материалдар жиынтығы, ол білім алушының креативті және шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашатын оқу әдісі. Тапсырманы онлайн түрінде өткізетін болғандықтан, келесі сұрақтарға жауап бере отырып, мәселені шешуге тырысыңыз:

  1. Қандай саяси режим түрлерін білесіз;

  2. Қазақстандық қоғам өз тарихында қандай саяси режимдерді басынан өткізді;

  3. Біздің еліміз үшін, сіздің ойыңызша, қай саяси режим тиімді болып саналады және не себепті?

Дәлелдейтін деректер, фактілер, ақпараттар келтіруіңіз қажет, кем дегенде бір факт
Тапсырма-2. ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде «Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі» тақырыбына кейс-стади. Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, мәселені шешуге тырысыңыз:

  • Қандай саяси жүйе түрлерін білесіз;

  • Қазақстандық қоғам өз тарихында қандай саяси жүйелерді басынан өткізді;

  • сіздің ойыңызша, біздің саяси жүйе болашақта қалай өзгермек және не себепті?

Дәлелдейтін деректер, фактілер, ақпараттар келтіруіңіз қажет, кем дегенде бір факт.


Бақылау сұрақтары:

  1. Саяси жүйе туралы тұжырымдамалар, саяси жүйе ұғымы және құрылымы.

  2. Саяси жүйенің тұрақты және тұрақсыз жағдайда дамуы.

  3. Демократиялық режимнің ерекшелігі.

  4. Антидемократиялық режимдер.



Әдебиеттер тізімі:



  1. Абдильдина Х.С. Саясаттану және әлеуметтану: оқу құралы. – Астана, 2021. 109 бет.

  2. Уолф Джонатан. Саясат философиясына кіріспе. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 232 бет.

  3. Эндрю Хейвуд. Саясаттану. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры», 2020. – 520 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет