Семинар сабағына әдістемелік нұсқау Семинар сабақ №1



бет1/6
Дата03.12.2023
өлшемі31,13 Kb.
#133335
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау ҚТОӘ


«Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» бойынша семинар сабағына әдістемелік нұсқау


Семинар сабақ №1


Тақырыбы: Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндерінің нормативтік құжаттардағы құрылымдық ерекшеліктері мен мазмұны
Мақсаты: Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндерінің нормативтік құжаттардағы құрылымдық ерекшеліктерімен, мазмұнымен таныстыру.
Бақылау сұрақтары: 1-сыныпқа арналған «Әліппе», «Ана тілі», 2–4 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәндері оқу бағдарламаларының құрылымы неден тұрады? Мазмұны ше? «Әліппе» пәні бойынша күтілетін нәтижелерді ата. «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндері бойынша оқу мақсаттары жүйесі неден тұрады? Оларды жүзеге асыру жолдары қандай?
Әдістемелік нұскау: «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» оқу бағдарламаларына талдау жаса; күтілетін нәтижелер мен оқу мақсаттарының мәнін талда.
Әдебиеттер:
1.Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). –Астана, 2021; 2018


Семинар сабақ №2. А.Байтұрсынұлы әдістемесінің «Әліппе» пәнінің оқу бағдарламасының мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижелерін айқындаудағы рөлі
Мақсаты: «Әліппе» пәні оқу бағдарламасының мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижелерін айқындаудағы А.Байтұрсынұлы әдістемесінің рөлін көрсету
Бақылау сұрақтары: Әліппені оқытуда А.Байтұрсынұлының қандай әдістемелік қағидаттары басшылыққа алынады? Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінде А.Байтұрсынұлының қандай әдіс-тәсілдері қолданылады?
Әдістемелік нұскау: 1. «Әліппені» оқытуда А.Байтұрсынұлының дыбыспен жаттығу; әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу; оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен әдістемелік қағидаттарын басшылыққа алуды ұмытпа.
2. Әліппеге дейінгі кезеңде дыбыспен жаттығу, әліппе кезеңінде дыбыс жүйелі жалқылаулы-жалпылаулы; жазу-оқу әдістерін қжүйелі қолдануға тырыс.
Әдебиеттер:
1. Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 6В010200– Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. –Қарағанды: «Meder Group» ЖШC, 2019. –234 бет
2.Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту. Алматы, 2008.
3. Әліппе: жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық / Ә. Е. Жұмабаева, Н.Құрман, Б.Сәбденова - Алматы: Атамұра, 2021.–108б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет