1. 1.Әліппеге дейінгі кезең оқу материалдарымен жұмыста дыбыспен жаттығу әдісін қолдану жолдары және Әліппе кезеңі оқу материалдарын оқытуда дыбыстық жалқылаулы-жалпылау әдісін қолданудың әдістемелік ерекшеліктері. Таныстырылым әзірлеу. 2. Әліппе кезеңі оқу материалдарын дыбыс жүйелі жалқылаулы-жалпылау әдісін қолдану жағдайында талдау 3. А.Байтұрсынұлының «Жалқылаулы-жалпылау әдіс» еңбегін қысқаша конспектілеу.Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын А.Байтұрсынұлы «Әліпби астарың" атты еңбегінде де көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерт- теу мен сүгіретшілік әдісі туралы», «Жалқылаулы-жалпылау әдісі», «Қай әдіс жақсы?», «Ана тілінің әдісі» деген методика мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды. Мек- теп балаларына арналған оқулықтарында А.Байтұрсынұлы иллюстративтік материалдарды қатар ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздеген. Автор жалпы оқулыққа тән «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» принципін ұстаған. 1-басқыш мектеп (яғни бастауыш мек- теп) балаларына арналған материалдарды аса түсінікті етіп беруді көздейді, сондықтан мысалдарды қазақ баласына таныс (үлкендердің аузынан сан рет естіп, құлақтары үйренген) мақал-мәтел, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Солардың барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбек сүйгіштікті тағы да сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең-жыр жолдары болып келеді. Ал белгілі бір тақырыпқа лайықтап, өзі жасаған мәтіндер ауыл балаларының күнделікті тұрмысынан алынып, олардын арман-тілегін, талап-талпынысын, т.б. танытатын шағын әңгімелер түрінде беріледі.