Семинар. Сыртқы баяндауышты сөйлемдер Қазақ тілінде: Келгенім сенде шаруам бар



Дата26.03.2022
өлшемі16,57 Kb.
#28854
түріСеминар

12-семинар.

Сыртқы баяндауышты сөйлемдер

Қазақ тілінде:

 Келгенім - сенде шаруам бар деген құрылым типі кездеседі. Сенде шаруам бар—өзіндік синтаксистік бірліктерге предикат құрылған. Ал Келгенім оның құрамына кірмейді. Бұл форма функционалды бірлік ретінде барлық предикативті тұтастыққа синтаксистік қатынас орнатады. Егер пнктуациялық әрлеуге сүйенсек, зерттеушілер оны бастауыш деп көрсетеді, ал сенде шаруам бар –келгеніммен байланысқан предикат. Келгенім-морфологиялық құрылымының арқасында баяндауыш сияқты көрінеді. Бұл бірлік үш жақта да жұмсалады: келгенің (-імде) шаруаң бар, келгені шаруасы бар. Мұндай ұйымдастырылған құрылымды сыртқы баяндауышты сөйлем дейміз. Қазақ тілінде сыртқы  баяндауыштың қыметін –ған, -тын, -ер, -р формасындағы етістіктер атқарады. Мысалы:


  1. Менің ерте келетінім - жұмысты ерте бастап, ерте балама қайтсам.

2)Бір айтарым - тобықтыдан туғанмын, екі бауыр, екеуінің ісіне  тобықтының тұрғысынан қарар деме.

Бірінші түрдегі құрылым себептік қатынасты білдіреді. Мұндай сыртқы баяндауыш формалды белгі болып табылады. Келгенім- шаруам бар құрылымы да сондай құрылым. Келгенім- субьекттің әрекетін білдірсе, аффикс субьектің жақ формасын білдіреді. Бұлай берілген жақ формасы өз себебін сұрап тұрған секілді, ал бұл себеп- екінші позицияда табылатын басты компонент болып табылады. Мысалы:



  1. Жек көретіні - Аманбай өзгерді, бұрынғы жолдастықты, достықты аяққа басты дейді. 

  2. Осынша ақымақ болғаным - көрінгенге қызықтым.

  3. Мен Зытып келем, Мен Артыма қарап-қарап зытып келем. Зытып келе зытып келемжатқаным - қашып келемін, артыма қарай беретінім- қорқып келемін.

Бұл сөйлемдегі Зытып келе жатқаным, артыма қарай беретінім алғашқы сөйлемдегі лексико-грамматикалық компоненттерді қайталайды, сонымен қатар себебін білдіретін сөйлемдермен байланыстырады. Себеп байланыстағы бұл сөйлем байланысу тәсілдерімен тығыз байланысты. Зытып келем, себебіқашыпкелемін, Артыма қарай беремін, себебі қорқып келемін.
Сырқы баяндауыштық құрылым басқа да байланыстарды беруі мүмкін. Мысалы:


  1. Олардан ұққаным – мына көрші жайлаудағы елдің бір топ жігіттері Кәукен ақсақалдың қолындағы кенже қызы Нағиманы тартып әкетіп бара жатыр екен. 

  2. Қожыр  қабығы тұтасымен түспегендігін.... көрді.

  3. Ақанның қабырғасын қаусатып кеткені – Батыраштың озбырлығы.


Сөйлемде сыртқы баяндауышты сөйлем диалогтік қатынаста да қолданылады екенін білдік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет