Семинар тапсырмасы Дыбыс және фонема, олардың өзіндік ерекшеліктері. Дыбыс және әріп, оларға тән белгілер. Дыбыс сөздің ең кішкене бөлігі. Әріп



бет1/4
Дата11.02.2023
өлшемі22,08 Kb.
#67017
түріСеминар
  1   2   3   4

3-семинар тапсырмасы
Дыбыс және фонема, олардың өзіндік ерекшеліктері. Дыбыс және әріп, оларға тән белгілер.
Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі.
Әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әріпті жазады және көреді.
Дыбысты айтамыз және есітеміз, ал эріпті жазамыз және көреміз.Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермейтіндіктен сөздің жазылуы мен айтылуының арасында киындықтар келтіреді.
Дыбыс — тілдің бір жақты единицасы : дыбысталады, бірақ мағынасы жок. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстэр — тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар ретінде кызмет атқарады.
Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен о,ө,ұ,ү),кейде бір әріп (мәселен ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу,йүу,йа) өрнектейді.Керісінше,кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жоқ.
Фонема – бұл тілдің бөлінбейтін дыбыстық бөліктері,сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.
- фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады;
- фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі дыбыстан да құралуы мүмкін. Керісінше, кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады
- сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажырататын дыбыс типі
Фонемалардың айырым белгілері — фонемаларды бір-бірінен ажырататын белгілер:
Мысалы: т—д дыбыстарының айырым белгілері — олардың бірінің қатаң, екіншісінің ұяң екендігі, с—з дыбыстарының айырым белгілері — бірінің шұғыл, екіншісінің ызың, а—ә дыбыстарының айырым белгілері — олардың жуан-жіңішке екендігіне байланысты.
Фонемалардың жұптас жіктері.Дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң, қатаң-ұяң, үнді-үнсіз, т.б жұпталып жіктелуі.
Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық (лат. Differens – ажырату) белгілері деп аталады.
Фонемалардың негізгі белгілері — фонемалардың варианттарына ортақ, фонетикалық өзгерістерге ұшырамайтын негізгі белгілері.
Мысалы: а фонемасының негізгі белгілері: ашық, тіл арты, езулік екендігі.
Жаттығу. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
Бала би: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстъқ не, көктен биік не?» - деп сұраған екен. Жауапты ешкім таппаған соң , Бала бидің өзі шешіп беріпті дейді:
Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім;
Судан терең дегенім — оқу-ғылым.
Оттан ыстық дегенім — адамның өмірі;
Көктен биік дегенім —тәкаппардың көңілі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет