Семинар Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық қатарының сипаттамасы және байланыстырып сөйлуінің бұзылуы Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру



бет1/2
Дата29.03.2022
өлшемі19,21 Kb.
#29125
түріСеминар
  1   2

3-семинар

Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық қатарының сипаттамасы және байланыстырып сөйлуінің бұзылуы

Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру

Сөйлеу тіл қызметінің патологиясының маңызды бөлігін көрсететін сөздердің грамматикалық құрылысының күрделі жүйесін бала қалай пайдаланатынын анықтау, тексеру барысының ең басты мәселелерінің бірі болу керек.

​ Баламен әңгімелесіп отырған кезде оның сөйлеу тілінде аграмматизмнің бар-жоқтығын анықтау әр уақытта сәтті бола бермейді. Кейбір жағдайларда арнайы зерттеуге тура келеді. 

Бұндай жағдайда сөйлем немесе арнайы іріктеліп алынған оқиға желісін баяндайтын немесе мағыналы бейнелі суреттер бойынша қысқа әңгіме құрыстыру тәсілін қолданады.

Баланың сөйлеу тілінің  грамматикалық құрылысын тексеру тәсілдерін қолданғанда  логопед назарын мынаған аудару керек. Суреттегі көріністерді окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп бере ме, немесе бейнеленген заттардың қимыл-әрекетін және олардың сапасын түстеп-түгелдеп баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай ала ма, бала қандай сөйлемнің түрлерін пайдаланады және бұл сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданады, оның грамматикалық құрылысы қандай, жалғаулықтарды дұрыс пайдалана ма.

Бұл тәсілдерден басқа әр түрлі сөйлемдердің грамматикалық құрылысының дұрыс қалыптасуын анықтайтын тапсырмалардың өзгеше түрлері де бар. Бұған тұракты бір сөздер бойынша сөйлем құрастыру жатады. Балаға, мысалы, кітап жатыр, үстел деген үш немесе одан да көбірек жеке сөздерді айтады да, жандарынан керекті сөздерді қосып сөйлем құрастыруды ұсынады.

Бұл тапсырманың күрделірек түрі — берілген сөздер бойынша әңгіме құрастыру. Мысалға мынадай сөздерден әңгіме құрастыруға болады: балалар, тоғай, қозықұйрық, жаңбыр, жүргенде, жүгірді, су.

Ретсіз тізбектеліп орналасқан жеке сөздерден сөйлем құрау. Балаға

сөйлем құрайтын сөздерді ұсынады: мысалы, қозылар жайылып, таудың, мен, бірге, бұзаулар, жұр, лақтар, беткейінде /Таудың беткейінде қозылар мен лақтар және бұзаулар бірге жайылып жүр/

Бұл тәсілдің ережесі — берілген сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, содан кейін құрастырылған сөйлемді айтып беру.

Сөздерді жеке-жеке анықтама қағазга жазып беруге болады. Бала сөздер жазылған анықтамаларды пайдаланып, рет-ретімен тізіп орналастырады, құрастырған сөйлемді оқып береді.  Сөйлем құрастыратын барлық сөздерді бір анықтама қағазга жазып беру немесе ауызекі айту балаға қиындау тиеді.

Әр түрлі синтаксистік қатынас арқылы көрсетілетін сөздің морфологиялық элементтерін баланың қалай меңгергенін анықтауға жәрдемін тигізетін тәсілдерге тоқталамыз.

Алдымен бала ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулықтарды қалай пайдаланатынын тексеру керек.  Баланың жалғаулықтарды дұрыс пайдалана алатындығын тексеру үшін осыған лайық  бірқатар тапсырмаларды қолдануға болады. Бала орындалатын қимыл-әрекеттері бойынша немесе бейнелі сурет бойынша сөйлем құрастыруды немесе берілген мазмұндаманың түсіп қалған жалғаулықтарын орындарына қоюды өз бетінше орындайды. Мектеп жасына дейінгі балаға: "Үйде кімдер бар?" — Апам мен көкем және ағам бар. Сен таңертең қандай тамақ  ішесің?  Мен таңертең май жағып нан жеймін және шекер салып шәй ішемін.

Бұдан гөрі ересектеу балаларға: бірақ, өйткені, әрі, сондықтан, сонда да деген сияқты күрделірек жалғулықтарды беріп, оларды сөйлеу тілінде қалай пайдаланатынын тексереді.  Осыған орай арнайы іріктеліп алынған бейнелі суреттер бойынша сөйлем құрастыруды ұсынады. 

Сөйлем құрастыру үшін арнайы іріктеліп алынған бейнелі суреттер беруге болады.

Жалғаулықтары түсіп қалған сөйлемдерді байланыстыру тәсілдерін де қолдануға болады. Мысалы: жиналыс бітті... халық тараған жоқ. Су өте суық болды, ... біз тоңып қалдық. Шәй іштік, ... шөлдеп қалыппыз.

Керекті жалғаулық мүлде жок, болып қалуы мүмкін немесе бала оны басқа жалғаулықтардың арасынан іздеп тауып алуға тура келеді.  Мысалы: жұмыстан кешігіп қалдым ... автобус болмай қалды. /Сондыктан, сол себепті, болмаса, себебі, немесе/. Тексеруші баланың жалғаулықтарды және оларды сөз тіркестерімен бірге қалай қолданатындығына назар аударады. Бұдан кейін зат есімді әр түрлі септеулерде қолданылуын тексеру керек. Балаға бейнелі суретті көрсетіп отырып сұрақтар қояды. Мысалы: Сен кітапты кімге бермексің? /Сараға/. Сіз қайда тұрасыз? /Ауылда/. Сендер қайдан келдіңдер? /Таудан/. Сен киноға кіммен бардың? /Апаммен/. Мынау кімнің үйі? /Менің үйім/.

Сонымен бірге сан есімдерге байланысты септеулердің де қолданылуын тексереді.  Балаға сан есімдерге іріктеліп алынған бейнелі суреттер бойынша сөйлем құрастыруды ұсынады. Мысалы: Оқушы дүкеннен жеті дәптер сатып алды. Мен сағат тоғызда жатамын. Сабақ сегізден өткенде басталады.

Зат есімнің жекеше түрінен көпшесінің, көпше түрінен жекешесінің жасалу жолдарын қалай қолданатынын тексереді.  Мысалға: ешкі, бала, көздер, торғай, ит, қаз, және т.б. сөздерді алуға болады.

Балаға әр сөздің көпше түрін айтуды ұсынады. "Мен саған бір заттың атын атаймын, ал сен оны көп заттар қылып ата. Мен кой деймін,  ал сен қойлар де, мен - қаз, сен - қаздар" т.б. Кішірейткіш жұрнақтардың жалғануы арқылы пайда болатын сөздерді баланың сөйлеу тілінде қалай қолданатындығын тексереді.  Мысалы: "Талшық, шалшық, көлшік, таяқша, кітапша" және т.б. Кішірейтіліп айтылатын бұндай сөздердің түрлері баланың сөйлеу тілінде әлі қолданыла қоймауы мүмкн, сондықтан бұрын естіп немесе айтьш дағдыланбаған жаңа сөздерді сөйлеу тіліне еңгізіп қолданылуын қалыптастыру үшін логопед баламен таныстыру және жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді.  Сонымен бірге айтылуына да аса назар аударып, жаттығуын бақылап отырады. Мысалы, логопед балаға кішкентай әрі жұқа кітапшаны көрсетіп: "Мынау кітапша" деп атын өзі айтады. Сосын көлемі үлкен әрі қалың кітапты көрсетіп "Мынау кітап" деп оның да атын айтады. Бала қайталайды. Таныстыру барысы аяқталғаннан кейін, логопед кітапты және кітапшаны баланың алдына қатар қойып, аттарын жеке-жеке қайта сұрайды. Сосын екеуінің айырмашылығын сұрайды.

Сонымен қатар жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының элементтері бар балалар үшін едәуір қиындық туғызатын жіктік жалғауының көпше түрінің жасалуына назар аударады.  

Баланың сөйлеу тілін тексеру үшін атау септігіндегі сөздерді пайдаланады. Мысалы: дәптер, кітап, қасық, ыдыс, алма, мал, терезе және т.б. Қойылатын сұрақтардың түрлері: Кімнің дәптерлері? - Менің дәптерлерім. Олардың дәптерлері. Сендердің дәптерлерің.

Жұрнақтардың жалғануы арқылы жаңа сөздер құрау қабілетін мынандай сөздерді балаға ұсына отырып тексереді: Оқу-оқушы, етік- ..., жұмыс -..., қой - ..., мал - ..., сурет - ..., кен - ..., құрылыс-... .

Баланың зат есімді сөзден сын есімді сөзді қалай жасай алатынын тексереді. Ол үшін жекелеген зат есімді сөздерді мысалға келтіреді; қала, тау, үй, еңбек, үлгі, жалын. Жұмысты жақсы істейтін адамды қалай атайтынын сұрақ қойып білуге болады. Мысалы: "Қандай адам?" — Еңбекқор адам.

Сөйлеу тілі дұрыс дамыған балалар жоғарыда келтірілген тәсілдерді жеңіл меңгеретіндігі белгілі, ал жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған балалардың сөз таптарының септелуін толық меңгере алмауының немесе оларды шатастыруының және сөздердің сөйлемдегі байланысын білмеуінің себебінен сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысында қателердің болуы мүмкін.

Грамматикалық дамуының деңгейіне байланысты кейбір балалар бұндай қатерлерді жиі жібереді, ал кейбіреулері тек күрделі жағдайда ғана қиналады.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет