Сенсорлық жүйелер: сезім мүшелер (талдығыштар) гигиенасы



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі22,76 Kb.
#17794
  1   2   3   4

Сенсорлық жүйелер: сезім мүшелер (талдығыштар) гигиенасы

Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер немесе анализаторлар деп аталады. Анализаторлар туралы ілімді жасаушы И.П.Павлов болып есептеледі. Анализатор өзара морфологиялық және функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын тұтас, бірыңғай жүйе:



  • Рецептордың әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдаушы орган (шеткі бөлім)

  • Өткізгіш жолдар-афферентті (рецептордан тітіргендіргіштерді. ОЖЖ жеткізеді), эфферентті (ОЖЖ Р), аралық жолдар.

  • Ми қыртысындағы орталық бөлім.

Барлық анализаторлар үшін ұқсас құрылыстық және функционалды ерекшеліктері бар. Жалпы құрылыстың принциптері.

  1. Көп қабаттылық яғни бірнеше қабаттан құралады. Рецепторлық элементтермен ми сыңырлары қыртысындағы ассоциативті бөлімдер нейрондарымен байланысады. Қабаттар өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Сондықтан ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге жағдай жасалады. Яғни организм қарапайым сигналдарды аралық бөлімдердің өзінде анализден, дер кезінде жауап бере алады.

Көп каналдық-анализатордың әр қабатында мыңдаған, млн-ған элементтері болады. Бұл анализаторлар жұмысының жоғары сенімділігі мен нәзік анализ жүргізуіне жағдай. Рецепторлық деңгейдің өзінде-ақ әртүрлі маманданған жеке элементтер түрлі белгілерді сигналдайды. Бір сенсорлық жүйе шеңберінде каналдар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның әрқайсысының ауысуының саны көп болады. Сонымен қатар нейронға келетін сигналдар формасы әр-түрлі болғанымен олардың туғызатын түйсігі сол клеткаға тән қызметін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет