Сәрсенбек Айбек охм-23. pptx



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата12.02.2023
өлшемі3,51 Mb.
#67311
  1   2   3   4


1)Экологиялық факторлар жəне
олардың классификациясы.
Жоспар: 
1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:
а) абиотикалық факторлар;
ә) биотикалық факторлар;
б) антропогенді факторлар.
2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.
3.Экологиялық 
факторлар 
әсеріне 
организмдердің 
жалпы
заңдылықтары:Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың
толеранттық заңы
• Экологиялық фактор - кез келген орта жағдайына тіршілікиелерінің бейімделу
қабілетімен жауап қайтара алуы.Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың
жекедамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесежанама әсер ете
алатын, ортаның кез келген әрі қарайбөлшектенбейтін элементісаналады.Табиғи
жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалынаұшырап отырады.
Экологиялық фактордың қайсысыболмасын табиғатта тұрақты емес.


1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың
дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама əсер ете
алатын, ортаның кез-келген əрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада
экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет
А)Ортаның қарастырып отырған элементінің одан əрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су
қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін
экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды
мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі,
температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы,
т.б. арқылы əсер етеді; биіктіктің əсері температураның, атмосфералық қысымның 
төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мəнінде температура, жарықталу,
тұздылық жəне т.т. тірі организмдерге тікелей əсер етуші сыртқы ортаның 
экологиялық факторлары ретінде білінеді.


Ә).Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай
жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың 
аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.
Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады;
құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар минералдандырады, соған байланысты
осы жерлерде балдырлар шоғырланады.Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің, негізінен шаян
тәрізділердің концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен
базарды мекендеуші құстар қоректенеді.Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде
көрінеді.
Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің
нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік
әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.Осы
тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;
1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы
жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.
2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара
организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты 
қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.
3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы
төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері
ажыратылады. 


Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:
1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері
(климат, t⁰-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-
әрекетінің әсерлері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет